«Тұрақты даму мақсаттары» туралы тәлімгерлік сағат

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) — бұл бүкіл әлем елдері 2030 жылға дейін қол жеткізуге келіскен жаһандық мақсаттар жиынтығы. Олар 2015 жылы United Nations (Біріккен Ұлттар Ұйымы) тарапынан қабылданды және ресми түрде «2030 жылға дейінгі Тұрақты даму күн тәртібі» деп аталады. Тұрақты даму мақсаттары 17 мақсат пен 169 міндеттен тұрады және кедейлікті жою, сапалы білім беру, гендерлік теңдік, экологиялық тұрақтылық және халықаралық ынтымақтастықты нығайту сияқты негізгі бағыттарды қамтиды. Заң факультеті "Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық кафедрасы" аға оқытушысы Жайлауова Гулсапар Мырзақадырқызы тәлімгерлік ететін ЮМ-25-3к1 тобымен 2026 жылдың 16 ақпан күні «Тұрақты даму мақсаттары» туралы тәлімгерлік сағат өткізді. Тәлімгерлік сағат барысында студенттер жаһандық су тапшылығы, су ресурстарының ластануы, климаттық өзгерістердің су қауіпсіздігіне әсері, сондай-ақ трансшекаралық өзендерді халықаралық-құқықтық реттеу мәселелері бойынша баяндамалар жасады. Кедейлікті жою, Аштықты жою, Сапалы денсаулық, Сапалы білім, Гендерлік теңдік,Таза су және санитария, Қолжетімді және таза энергия, Лайықты жұмыс және экономикалық өсу, Индустрия, инновация және инфрақұрылым, Теңсіздікті азайту, Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар, Жауапты тұтыну мен өндіріс, Климаттың өзгеруіне қарсы күрес,Су астындағы тіршілік, Құрлықтағы тіршілік, Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар, Мақсаттарға қол жеткізу үшін серіктестік сияқты 17 мақсат туралы толыққанды мәліметтер келтірілді. Сонымен қатар, Қазақстандағы су саясаты, экологиялық қауіпсіздік және халықаралық ынтымақтастық тетіктері кеңінен талқыланды. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, ТДМ құндылықтарын насихаттау және халықаралық құқық нормаларының табиғи ресурстарды қорғаудағы маңызын түсіндіру болды. Пікір алмасу барысында студенттер су ресурстарын сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екендігін атап өтті. Тәлімгерлік сағат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің белсенді қатысуымен өтті. Топ тәлімгері білім алушыалармен алдағы уақытта да Тұрақты даму мақсаттарына арналған тәрбиелік және танымдық іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.

Күнтізбе

Наурыз 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
23 24 25 26 27 28 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.