"Алтынмен оралды!"

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті халықаралық жарыстан алтын медаль жеңіп алды. 2025 жылғы 2–5 қазан аралығында Әзірбайжан Республикасында өткен ІІІ ТМД елдерінің ойындарында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Заң» факультеті, «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының ЮМ-22-3тк тобының студенті Айжан Бәкірова каратэ спорт түрінен алтын медаль иегері атанды. Айжан Бәкірова жарыс барысында жоғары кәсіби шеберлігін, төзімділігін және ерік-жігерін танытып, қарсыластарын сенімді түрде жеңіп шықты. Бұл жетістік университетіміздің спорттық дәстүрінің, студенттеріміздің жан-жақты дамуы мен халықаралық деңгейде өз елін лайықты таныта алатын қабілетінің айқын дәлелі болып табылады. «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының ұжымы Айжан Бәкірованы зор жеңісімен шын жүректен құттықтайды! Ол өз жетістігімен тек университетіміздің ғана емес, еліміздің де мәртебесін асқақтатты. Айжанға алдағы уақытта да табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!

Күнтізбе

Қазан 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.