Жаңалықтар
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
- Тимур Аширалиев +7 701 519 9708 международных отношений
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 67
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен республикалық пәндік олимпиадада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Заң» факультетінің «Саясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 3-курс студенттері жүлделі ІІ орынды иеленді.
Олимпиада қорытындысы бойынша Серікқызы Табиғат, Абдулхамидова Нозима Нодиржонқызы және Ходжибергенова Аида Давлатбековна өздерінің жоғары білім деңгейін, ғылыми-теориялық дайындығын және кәсіби құзыреттілігін көрсете отырып, үздік нәтижеге қол жеткізді.
Аталған жетістікке студенттердің ғылыми жетекшілері – Сарсенбеков Жандос Абуталипович пен Елібаев Мақсат Жанабаевичтің сіңірген еңбегі зор.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдіреміз.
powered by social2s