Жаңалықтар
«Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері жеңіспен оралды!
- Тимур Аширалиев +7 701 519 9708 международных отношений
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 77
2025 жылғы 3 мамырда Алматы қаласындағы Тұран университетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Аталған білім додасына еліміздің жоғары оқу орындарынан 30 үздік команда қатысты. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті олимпиадаға үш командамен қатысып, өз білімдерінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Университет намысын қорғаған командалар: Ғылыми жетекшісі – Орынбаев Жасулан Балабекович.
«Тесла» командасы:
• Балтабай Гүлназ Ерланқызы
• Таиров Сейдахмет Фархадұлы
• Жамбыл Салидат Еркінбекқызы
«Байрақ» командасы:
• Жунисбаева Камила Ардаковна
• Сүлей Әли Дастанұлы
• Тұрапбаев Қанат Дулатұлы
«Киссенджер» командасы:
• Сәлім Дулат Ерболұлы
• Амангелді Даниал Берікұлы
• Нұрлыбекова Аружан Мұқашқызы.
Олимпиада нәтижесі бойынша «Киссенджер» командасы (Сәлім Дулат Ерболұлы, Амангелді, Даниал Берікұлы Нұрлыбекова Аружан Мұқашқызы) үздік деп танылып, I ОРЫНДЫ иеленді. Бұл – студенттердің теориялық білімді тәжірибеде қолдану дағдыларының, логикалық ойлау қабілетінің және жоғары дайындық деңгейінің жарқын көрінісі. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ұжымы атынан жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – университетіміздің білім сапасы мен кәсіби даярлықтағы табысының айқын дәлелі. Болашақ халықаралық қатынастар саласының кәсіби мамандары – сендермен мақтанамыз!
powered by social2s