Жаңалықтар
«Құрылыс материалдары және құрылыстағы сараптама» кафедрасы шетелдік жоғары оқу орнымен байланысты нығайтуда
- Жаксылык
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 16
«Құрылыс материалдары және құрылыстағы сараптама» кафедрасы мен Ташкент қаласы, Ауыл шаруашылығын ирригациялау мен механизациялау инженерлерінің Ташкент институтының (Өзбекстан Республикасы) «Құрылыс инженериясы» кафедрасы арасында академиялық мәселелер бойынша, өзара консультанттарды тарту, бірлескен ғылыми жобаларды орындау мен ынтымақтастықты нығайту бойынша келісімдер жасалды. Осы мақсатта кафедрамызға арнайы шақыртумен «Құрылыс инженериясы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Хасанов Бахридин Баратовичтің бастауымен, т.ғ.к., доцент Юнусова Фарида Рахманбердиевна мен т.ғ.д., доцент Кадыров Ильхом Абуллаевич 11-12.06.2026ж күндері келді. Шет елдік делегация кафедралар арасында түрлі бағытта іс-шаралар орындау бойынша біздің кафедрамыздың жетекші ғалымдарымен талқылаулар жүргізілді.








