Малайзия ғалымдарымен  семинар өтті

Малайзия ғалымдарымен семинар өтті

   Малайзия ғалымдары жасанды интеллект дәуіріндегі инженерлік білім беру туралы семинар өткізді

  2026 жылғы 28 қазанда «Механика, машина жасаужәнемұнай-газ ісі» факультетінде «Жасанды интеллект дәуірінде инженерлік білім беру мен өндірісті ықпалдастыру: жаңа технологиялар және болашақ мамандардың құзыреттері» атты ғылыми семинар өтті.
  Семинарды Universiti Putra Malaysia (UPM) университетінің қауымдастырылған профессорларыЗ урина Мохд Ханапи, Новиа Индирати Адмодисастро және Нг Кенг Яп өткізді. Малайзияның бұл университеті QS World University Rankings 2027 рейтингінде әлем бойынша 138-орындатұр. Ғалымдар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында шақырылды.
Семинарда екі негізгі мәселе талқыланды. Қатысушылар жасанды интеллект пен заманауи цифрлық технологияларды өндірістік үдерістерде қалай қолдануға болатынын және бұл үшін болашақ инженерлерге қандай кәсіби дағдылар қажет екенін қарастырды. Бұл мәселелер университеттер мен кәсіпорындардың ынтымақтастығы және мамандарды нақты өндірістік міндеттерді шешуге даярлау тұрғысынан талқыланды.
    Семинар факультет оқытушыларына, докторанттарға, магистранттарға және бакалавриаттың бітіруші курс студенттеріне арналды.

Күнтізбе

Қараша 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.