Жаңалықтар
«Болашақ маман – болашақ кәсіби ортада»
- Абжапбаров Абай Акилбекович 8 775 108 20 52
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 30
Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультетінің бітіруші курс студенттері 2026 жылғы 22 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді еңбек нарығындағы өзекті бос жұмыс орындарымен таныстыру, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік жасау және жастардың кәсіби дамуына қолдау көрсету.
Жәрмеңке барысында факультет студенттері «QazaqGaz», «PetroKazakhstan Oil Products», «ҚазТрансОйл» сияқты ірі компаниялардың өкілдерімен кездесіп, олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен талаптары туралы ақпарат алды. Студенттер компания өкілдерімен байланыс орнатып, өз резюмелерін қалдырды. Бұл олардың болашақ мамандығы бойынша еңбек нарығына алғашқы қадам жасауына мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, студенттер әртүрлі кәсіпорындар ұсынған бос жұмыс орындарымен танысып, кәсіби мансапты бастауға қажетті ақпараттармен бөлісті.
Осындай іс-шаралар университет, студент және жұмыс беруші арасындағы байланысты нығайтып, түлектердің еңбек нарығына бейімделуіне және өз мамандығы бойынша жұмыс табуына ықпал етеді.
Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі факультеті студенттердің кәсіби дамуына, жұмыс берушілермен байланысын нығайтуға және болашақ мамандардың еңбек нарығында өз орнын табуына бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.
powered by social2s









