Жаңалықтар
Білім күні: факультеттің жаңа студенттерімен алғашқы кездесу
- Абжапбаров Абай Акилбекович 8 775 108 20 52
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 97
Білім күні: «Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультеті жаңа студенттерді қарсы алды
1 қыркүйек – Білім күніне орай «Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультетінде 1-курс студенттеріне арналған таныстыру іс-шарасы өтті.
Жаңа оқу жылының алғашқы күнінде факультет ұжымы университет табалдырығын алғаш аттаған білім алушыларды қарсы алып, оларға студенттік өмірдің жаңа кезеңіне сәтті қадам тіледі.
Іс-шара барысында 1-курс студенттері факультет басшылығымен және кафедра ұжымдарымен танысты. Факультет басшылығы студенттерге білім беру үдерісінің ұйымдастырылуы, мамандықтардың ерекшеліктері, оқу тәртібі және университет қабырғасындағы мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат берді.
Кездесу барысында студенттерге өздері білім алатын факультеттің құрылымы мен негізгі қызмет бағыттары таныстырылып, кафедралардың жұмысы туралы мәліметтер ұсынылды. Оқытушылар білім алушыларға таңдаған мамандықтарының қыр-сырын түсіндіріп, оқу барысында кәсіби білім мен практикалық дағдыларды меңгерудің маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, бірінші курс студенттеріне факультеттің материалдық-техникалық базасы таныстырылды. Олар оқу кабинеттері мен зертханаларды аралап, білім алуға және практикалық сабақтарды өткізуге арналған заманауи құрал-жабдықтармен танысты.
Таныстыру шарасы студенттер үшін жаңа ортаға бейімделуге, факультет ұжымымен жақынырақ танысуға және алдағы оқу үдерісі туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Факультет ұжымы жас білім алушыларға студенттік өмірлерінің мазмұнды әрі қызықты өтуіне, оқу жолында жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне және болашақта өз саласының білікті маманы атануына тілектестік білдірді.
Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы барша студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер мен жарқын жетістіктердің бастауы болсын!
powered by social2s








