Жаңалықтар
«Jasyl SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды
- Абжапбаров Абай Акилбекович 8 775 108 20 52
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 15
2026 жылдың 22 мамырында өткен «Жас маман – 2026» жәрмеңкесі аясында Түркістан қаласында орналасқан «Jasyl SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында кәсіпорын мамандары компанияның негізгі қызмет бағыттары, өндірістік мүмкіндіктері және жас мамандарға ұсынылатын жұмыс орындары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар студенттерге өндірістік тәжірибеден өту, кәсіби дағдыларын дамыту және болашақта тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктері таныстырылды. Компания өкілдері қазіргі таңда техникалық білімді, жауапкершілігі жоғары және жаңа технологияларды меңгеруге ынталы мамандарға сұраныс жоғары екенін атап өтті. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Іс-шара оқу орны мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, түлектердің кәсіби бағдарын айқындауға оң ықпал етті.





