Жаңалықтар
Болашақ мамандар Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға атсалысуда
- Абжапбаров Абай Акилбекович 8 775 108 20 52
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 15
«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының оқытушылары: Ерім Г., Үсенова Ж., Отуншиева А., Кайсарова А., Кенжеханова М,. Жолдасбекова Г., Насыр С., Турдыбекова Д. кафедра студенттерімен БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатын (ТДМ) насихаттау және іске асыру мақсатында бірқатар тәлімгерлік сағаттар өткізді.
Шара барысында бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда:
- Әлеуметтік жауапкершілік: Кедейлікпен күрес және гендерлік теңдікті дамыту.
- Экономикалық сауаттылық: Қаржылық сауаттылық негіздері және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Экологиялық мәдениет: «Жасыл» экономикаға көшу, су ресурстарын үнемдеу және қалдықтарды азайту.



powered by social2s



