Жаңалықтар
"ТМ үшін Жоғары математика және физика" кафедрасының оқытушылары - «Бүкіл әлемдік тазалық күні» аясында өткізілген сенбілікке қатысты.
- Абжапбаров Абай Акилбекович 8 775 108 20 52
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 16
20.09.2025ж. күні "ТМ үшін Жоғары математика және физика" кафедрасының оқытушылары - «Бүкіл әлемдік тазалық күні» аясында өткізілген сенбілікке қатысты.
«Бүкіл әлемдік тазалық күні» аясында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстары жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру болды.
Сенбілікке ұжым мүшелері мен студентер қатысып, белгіленген аумақты қоқыстан тазартты. Ағаш түптері әктеліп, қураған жапырақтар мен тұрмыстық қалдықтар жиналды. Сонымен қатар, айналаны абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тазалық сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Мұндай игі бастамалар табиғатқа деген жанашырлықты арттырып қана қоймай, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Тазалық – әр адамның азаматтық борышы. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
powered by social2s




