Жаңалықтар
ФАКУЛЬТЕТ ОҚЫТУШЫЛАРЫ СПАРТАКИАДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА
- Абжапбаров Абай Акилбекович 8 775 108 20 52
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 60
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің «Салауатты өмір-салтын насихаттау» арналған оқытушы-профессорлар және қызметкерлер арасындағы 2025-2026 оқу жылындағы дәстүрлі XXVIII – Спартакиада 12.01-23.01.2026ж аралығында өткізілді. Спартакиадаға«Механика және мұнай газ ісі»факультетінің Профессор-оқытушылар құрамы 7 түрлі спорт түрінен, яғни: кір тасын көтеру, волейбол, кіші футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, жүзу және үстел теннисінен қатысты. Спартакиадаға қатысқан 14 команда ішінен тоғызқұмалақтан «Механика және мұнай газ ісі» факультеті I-ші орын алды. Тоғызқұмалақ ойынына қатысып, жүлделі I-ші орын алған:
- Ерім Гүлназ Рамазанқызы – «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының магистр оқытушысын;
- Қазтуғанова Гулсара Алдабергенқызы -«Механика және машинажасау» кафедрасының аға оқытушысын шын жүректен құттықтаймыз!
Сонымен қатар, «Үздік спортшы әйел» номинациясын иеленген «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының оқытушысы, әріптесіміз Ерім Гүлназ Рамазанқызын құттықтаймыз! Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын!
powered by social2s






