Жаңалықтар
"Механика және мұнай-газ ісі" факультетінде 1-курс студенттерімен ақпараттық кездесу өтті
- Абжапбаров Абай Акилбекович 8 775 108 20 52
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 21


2025 жылдың 29 қыркүйегінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің "Механика және мұнай-газ ісі" факультетінің "Стандарттау және сертификаттау" кафедрасында 1-курс білім алушыларына арналған білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-танымдық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында білім алушыларға оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, академиялық тәртіп, бағалау жүйесі мен эдвайзерлік қолдау туралы жан-жақты ақпарат берілді. Аталған шараны топ тәлімгері Қайсарова Арайлым Алмасқызы мен эдвайзер Жолдасбакова Гаухар Шаяхметовна жүргізді. Студенттер қойылған сұрақтарға жауап алып, маңызды мәліметтермен танысты