"Механика және мұнай-газ ісі" факультетінде 1-курс студенттерімен ақпараттық кездесу өтті

Image
Image

2025 жылдың 29 қыркүйегінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің "Механика және мұнай-газ ісі" факультетінің "Стандарттау және сертификаттау" кафедрасында 1-курс білім алушыларына арналған білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-танымдық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында білім алушыларға оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, академиялық тәртіп, бағалау жүйесі мен эдвайзерлік қолдау туралы жан-жақты ақпарат берілді. Аталған шараны топ тәлімгері Қайсарова Арайлым Алмасқызы мен эдвайзер Жолдасбакова Гаухар Шаяхметовна жүргізді. Студенттер қойылған сұрақтарға жауап алып, маңызды мәліметтермен танысты


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.