Ұжымды RankPro жоғары оқу орындарының халықаралық кәсіби рейтингісінің ТОП-750 ЖОО-на кіруімен құттықтаймыз. Әлемнің ТОП-1000 университетінің ішінде М.Әуезов атындағы ОҚУ өткен жылмен салыстырғанда 22 позицияға көтеріліп, 739-шы орынды иеленді. Бұл рейтингке енген Қазақстандағы 3 жоғары оқу орнының ішінде М.Әуезов атындағы ОҚУ 1-орында.
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ТОП 300-дің ішінде М.Әуезов атындағы ОҚУ өңірдегі жетекші 300 университеттің ішінде 242-і орынды иеленді.
Рейтинг әлемнің жетекші университеттерін саралау үшін жеті көрсеткішті пайдаланады: профессорлық-оқытушылық құрамның сапасын, жарияланымдар, ғылыми мақалалардың саны, жоғары ықпалды журналдарда пайда болғандығы, дәйексөздер, патенттер, түлектердің жұмыспен қамтылуы, университет түлектерінің саны, ірі халықаралық марапаттарға ие болғандығы, жүлделер, сондай-ақ университет көлеміне қатысты медальдар. Сілтеме: https://www.cicerobook.com/userfiles/files/RankPro%2023-24.pdf

| № | Университеттер | орын |
| 1 | М.Әуезов атындағы ОҚУ | 739 |
| 2 | Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ | 744 |
| 3 | Сәтбаев университеті | 959 |
| № | Университеттер | орын |
| 1 | М.Әуезов атындағы ОҚУ | 242 |
| 2 | Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ | 243 |
| 3 | Сәтбаев университеті | 328 |



