Жаңалықтар
Қоқанд мемлекеттік университетінің шетелдік ғалымдарымен дәрістер өткізуі
- Тастанбекова Баян Омирзаховна
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 30
Қоқанд мемлекеттік университетінің шетелдік ғалымдарымен «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының білім алушыларына дәрістер өткізуі
PhD докторы Инимжон Исроилович Усмонов пен профессор Тухтасин Бутаев Коканд мемлекеттік университетінің (Коканд қ., Өзбекстан Республикасы) 2026 жылғы 28-30 қазан аралығында "Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер" кафедрасыың 6В07150 "Электр энергетикасы", 6B07151 "Электрмен жабдықтау", 6В07152 "Электр энергетикалық жүйелер инженериясы" бакалавриат білім алушыларына дәріс оқыды. Дәрістер барысында электр энергетикасы саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды.Ұсынылған материал өзінің өзектілігі, мазмұндылығы және практикалық бағытының арқасында білім алушылардың қызығушылығын тудырды. Дәрістер студенттердің кәсіби көзқарастарын кеңейтуге, теориялық білімдерін тереңдетуге және электр энергетикасы саласындағы өзекті міндеттерді шешудің заманауи тәсілдерімен танысуға мүмкіндік берді. Алынған білімді болашақ кәсіби қызметте қолданудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.Қонақ дәрістерін өткізу энергетика саласының болашақ мамандарын даярлау сапасын арттыруға ықпал ететін білім беру процесінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Шетелдік оқытушылармен кездесулер академиялық тәжірибе алмасуға, инженерлік кадрларды даярлаудың түрлі тәсілдерімен танысуға және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
powered by social2s








