Жаңалықтар
Халықаралық академиялық ынтымақтастық: Малайзия профессорлары кафедрада
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 9
Малайзиялық профессор Zurina binti Mohd Hanapi университетте академиялық дәрістер мен ғылыми консультациялар өткізеді
Университетте халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту және білім беру үдерісіне озық шетелдік тәжірибені енгізу мақсатында шетелдік мамандарды тарту бағдарламасы аясында Малайзиядан PhD докторы, қауымдастырылған профессор Zurina binti Mohd Hanapi шақырылды.
Шетелдік ғалымның академиялық қызметі 6B07110 – «Автоматтандыру және басқару», 6B06210 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», 7M07110 – «Автоматтандыру және басқару», 8D07110 – «Автоматтандыру, басқару және деректерді цифрлы өңдеу жүйелері» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың кәсіби даярлығын жетілдіруге және ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.
Бағдарлама аясында білім алушыларға дәрістер оқу, семинарлар өткізу, ғылыми консультациялар беру және шеберлік сыныптарын ұйымдастыру көзделген. Аталған академиялық іс-шаралар білім алушылардың теориялық білімдерін тереңдетуге, практикалық дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ автоматтандыру, басқару, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар салаларындағы заманауи ғылыми-техникалық жетістіктер туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, шетелдік профессордың академиялық қызметке қатысуы білім алушылардың ғылыми ізденістерін қолдауға, зерттеу жұмыстарының сапасын арттыруға және халықаралық ғылыми тәжірибемен танысуына ықпал етеді. Ғылыми консультациялар мен кәсіби пікір алмасу білім алушылардың зерттеушілік әлеуетін дамытуға және өзекті ғылыми мәселелерді шешу жолдарын зерделеуге жағдай жасайды.
Шетелдік мамандарды білім беру және ғылыми-зерттеу үдерісіне тарту университеттің халықаралық байланыстарын нығайтуға, академиялық ынтымақтастық аясын кеңейтуге және білім беру бағдарламаларының мазмұнын заманауи талаптарға сәйкес жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Университет халықаралық тәжірибені білім беру үдерісіне интеграциялау, ғылыми әлеуетті арттыру және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.





