Жаңалықтар
Заңды білу – заман талабы, Бірлік пен келісім – тәуелсіз Қазақстанның басты құндылығы
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 16
14.04.2026 ж «АТжБ» кафедрасының аға оқытушы, PhD ИП-25-5к топ тәлімгері Мирзабаев Б.И. PhD ИП-25-5к тобымен келесі тақырыбы бойынша тәлімгерлік сағат өтті:
1-тақырып: «Заңды білу – заман талабы»
2-тақырып: «Бірлік пен келісім – тәуелсіз Қазақстанның басты құндылығы»
3 - тақырып: Тұрақты даму және қазіргі қоғамның жаһандық мәселелері: кедейшілікпен күрес, азық-түлік қауіпсіздігі, қаржылық сауаттылық, экология және қоршаған ортаны қорғау, суды үнемдеу, гендерлік даму, қалдықтарды азайту, жасыл экономика.
Тәлімгерлік сағат №8 хаттамасымен бекітілді және келесі қаулы қабылданды: Заңды білу мен бірлікті сақтау – әрбір азаматтың негізгі міндеті. Құқықтық сауатты, жауапкершілігі жоғары және бірлікті қадірлейтін жастар ғана елдің жарқын болашағын қалыптастыра алады. Сондықтан әр студент заңды құрметтеп, қоғамдағы келісім мен татулықты нығайтуға өз үлесін қосуы қажет.
Тұрақты даму - қоғамның, экономиканың және табиғаттың үйлесімді дамуына бағытталған стратегия. Жаһандық мәселелерді шешу үшін мемлекеттердің, ғылыми ұйымдардың және әрбір жеке тұлғаның бірлескен күш-жігері қажет.
Жастар қоғамның болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Жауапты ресурстарды басқару, экологиялық хабардарлық, қаржылық сауаттылық және әлеуметтік белсенділік әділ және тұрақты әлем құруға көмектеседі.
Әркім өз тарапынан тұрақты дамуға үлес қосыңыз, күнделікті қарапайым әрекеттерден бастаңыз: су мен энергияны үнемдеу, жауапкершілікпен тұтыну және қоршаған ортаны құрметтеу. Жалпы айтқанда, біреуді өзгерткің келсе, алдымен өзің өзгер.




