Жаңалықтар
«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты тақырып аясында мұқтаж отбасыға әлеуметтік көмек көрсету іс-шарасы
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 14
"Ақпараттық коммуникациялық технологиялар" кафедрасының оқытушылары:
- Тастанбекова Баян Өмірзаховна – оқытушы
- Тұрғанбекова Мәдина Мырзабекқызы – аға оқытушы
- Момбекова Сандуғаш Сейсембаевна – аға оқытушы
- Бибулова Дана Абдусаттаровна – аға оқытушы
- Каржаубекова Самал Сеилбековна– оқытушы
ИП-25-11К1 тобының студенттерімен бірге «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты тақырып аясында мұқтаж отбасыға әлеуметтік көмек көрсету іс-шарасын ұйымдастырды.Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы жанашырлық пен мейірімділікті насихаттау, студенттердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету.Қайырымдылық – тек материалдық көмек беру ғана емес, ол – адамға үміт сыйлау, қамқорлық таныту, жүрек жылуын бөлісу. Осындай игі бастама барысында студенттер ұйымшылдық танытып, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болудың маңызын терең түсіне білді.Ұстаздар мен студенттердің бірлесіп атқарған бұл шарасы мейірімділік пен ізгіліктің жарқын көрінісіне айналды. Қоғамға жанашыр болу, өзгеге қол ұшын созу – әр азаматтың адамдық парызы.Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жастардың бойындағы жауапкершілік пен қамқорлық сезімін арттырып, адамгершілік қасиеттерін нығайта түседі. Бірлігіміз бекем, жүрегіміз мейірімге толы болсын! ?✨
powered by social2s







