“Инновациялық әдістерді интеграциялау” тақырыбында шеберлік сынып

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар” кафедрасының аға оқытушысы Тұрғанбекова Мадина Мырзабекқызы жаңашыл педагогтардың VI Халықаралық форумына қатысты. Форум “Заманауи білім беру: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар” тақырыбы аясында өтті.Форум барысында “Инновациялық әдістерді интеграциялау” тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді. Мастер-класс аясында flipped learning (кері оқыту), постер-презентация, дебат және жасанды интеллект негізіндегі видео жобалар сияқты заманауи оқыту әдістері таныстырылды.Шеберлік сыныбы барысында өткен семестрде жүргізілген педагогикалық тәжірибе нәтижелері ұсынылды. Нәтижелер көрсеткендей, аталған әдістер студенттердің оқу мотивациясын арттырып, сыни ойлау, аргументация және топтық жұмыс дағдыларының дамуына оң әсер еткен.Сонымен қатар, форум барысында студенттердің қатысуымен практикалық көрсетілім ұйымдастырылды. Қатысушылар постер қорғау, дебат форматы және AI жобаларын таныстыру арқылы өз жұмыстарын көрсетті. Бұл студенттердің белсенді қатысуына ықпал етіп, сыни ойлау, талдау, визуалды ұсыну және шығармашылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.Форум қорытындысы ұсынылған интеграцияланған оқыту моделінің тиімділігін көрсетіп, оны білім беру үдерісінде кеңінен қолданудың маңыздылығын айқындады.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.