Жаңалықтар
“Ақпараттық коммуникациялық технологиялар” кафедрасының PhD., доцент Шаймерденова Гулдана Смахуловна ХТ-25-4к1,2,3,19 топтарының білім алушыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаты» тақырыбында тәрбиелік мәні зор әңгіме жүргізілді. Іс-шара барысында білім алушыларға адалдық, парасаттылық, әділдік ұғымдарының маңызы түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері жан-жақты талқыланды.Әңгіме барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, сондай-ақ заңға құрметпен қарау мәселелері кеңінен сөз болды. Білім алушылар өз ойларын ортаға салып, түрлі жағдаяттарды талқылау арқылы адал жолмен жетістікке жетудің маңызын түсінді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде кездесетін әділетсіздікке қарсы тұру, парақорлыққа жол бермеу және өз құқықтарын қорғау туралы пікір алмасты.Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру, адал еңбек пен таза табыстың құндылығын дәріптеу болды. Осындай тәрбиелік жұмыстар арқылы білім алушылардың бойында жауапкершілік, әділдік және адамгершілік қасиеттерді дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
powered by social2s







