Жаңалықтар
«ӘЙЕЛГЕ ҚҰРМЕТ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ» - АШЫҚ ТӘЛІМГЕРЛІК САҒАТ
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 57
06.03.2026ж ИП-25-4р тобының тәлімгері Ордабек Ә. Қ. бастамасымен және ИП-25-4к тобының тәлімгері Ермурзаева А.Ш., ИП-25-10к тобының тәлімгері Уралов Б.К., ИП-25-9кс тобының тәлімгері Бутанбаева А.У., ИП-24-4тк тобының тәлімгері Кулмаханова И.К. ұйымдастыруымен «Әйелге құрмет – ұлттық тәрбие негізі» атты тақырыпта ашық тәлімгерлік сағат өткізілді.Ашық тәлімгерлік сағатқа сыйлы қонақ ретінде ұлағатты ұстаз, аналар кеңесінің төрайымы Жанысбекова Г.Ә. қатысты.Бұл ашық тәлімгерлік сағаттың мақсаты -1 ші курс студенттерінің санасына әйелге деген құрметтің ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтардың маңызды бөлігі екенін сіңіру. Қазақ халқының салт-дәстүрі арқылы анаға, әпке-қарындасқа, қыз балаға және ұлт болашағының кемелденуіне жауапты, ұлы тұранның ұлдары мен қыздарын даңғыл жолға салатын ұстаздарға ізет көрсету мәдениетін қалыптастыру. Студенттерді әдептілікке, сыйластыққа және отбасындағы әйел адамның рөлін бағалай білуге тәрбиелеу. Ашық тәлімгерлік сағатта студенттер өз өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға деген шынайы ықыласын білдірді.
powered by social2s











