Жаңалықтар
«Цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі қаржылық қауіпсіздік» өңіраралық хакатонынан студенттеріміз жүлделі 3 орын алды
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 18
Түркістан қаласында Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастыруымен 2026 жылдың 25-26 ақпан күндері «Цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі қаржылық қауіпсіздік» өңіраралық хакатонға 142 команда, 400-ге жуық қатысушы тіркелді. Қатысушылар бес негізгі бағыт бойынша жобалары ұсынылды. Бірінші бағыт «AI Digital Trace – Telegram платформасындағы заңсыз сатушыларды анықтау» бойынша Б.П.Хайтбаев ИП-22-3к3, С.Қазыбекқызы және Б.С.Нариманов ИП-23-3к3 студенттері 3-орын 300 мың теңге, үшінші бағыт «Мемлекеттік сатып алуларды AI-талдау» бойынша С.И.Бондарев, К.Г.Айрапетянц ИП-22-3р тобының студенттері 3-орын және 300 мың тенге сыйақымен марапатталды.
Жасанды интеллект министрлігі наурыз айының аяғында жобалар ұсынып отыр, сол жобаға екі команда да жолдама ұтып алды!
«КИжЭ» жоғары мектебінің студеттері мен оқытушыларын өңір аралық хакатонда жүлделі орынмен оралуымен құттықтаймыз!








