Жаңалықтар
Бейнелеу өнері мұражайында тарихи туындыларға саяхат
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 18
2026 жылғы 15 желтоқсан күні Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының оқытушысы Сабырханова Ләззат Шалхарбайқызы ИП-22-6р тобымен бірге Бейнелеу өнері мұражайында тарихи туындылармен танысу мақсатында танымдық көрме-сабақ өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың рухани-мәдени танымын кеңейту, ұлттық және әлемдік өнер туындылары арқылы тарихи құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ эстетикалық талғамын қалыптастыру болды. Көрме барысында студенттер бейнелеу өнерінің түрлі бағыттары мен кезеңдері туралы мәлімет алып, қылқалам шеберлерінің тарихи оқиғаларды суреттеу ерекшеліктерімен танысты.
Экскурсия кезінде мұражай қызметкерлері әрбір туындының шығу тарихы, авторы және оның тарихи маңызы жөнінде мазмұнды ақпарат берді. Студенттер көне дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі өнер туындыларын тамашалап, ұлттық мәдениетіміздің бай мұрасын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Шара барысында білім алушылар өзара пікір алмасып, ерекше әсер алған туындылары туралы ой бөлісті. Мұндай мәдени-танымдық кездесулер студенттердің шығармашылық қабілетін дамытып, кәсіби және тұлғалық қалыптасуына оң ықпал ететіні сөзсіз.
Аталған көрме-сабақ жастардың тарихи санасын жаңғыртуға, мәдени құндылықтарды құрметтеуге және өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шаралардың бірі болды.







