Жаңалықтар
«Қалдықтарды басқарудағы жасанды интеллекттің рөлі»
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 90
“Ақпараттық коммуникациялық технологиялар” кафедрасының аға оқытушысы Бибулова Д.А.және оқытушы Каржаубекова С.С. ұйымдастыруымен 03.12.2025ж. «Қалдықтарды басқарудағы жасанды интеллекттің рөлі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ашық тәрбие сағатының мақсаты — студенттерге экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық қалдықтарды басқарудың заманауи әдістерін түсіндіру және жасанды интеллекттің экология саласында алатын орнын көрсету болды.Іс-шара барысында қарастырылған негізгі бағыттар:
-Қалдықтардың қоршаған ортаға әсері
-Қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеудің маңыздылығы
-Жасанды интеллект арқылы қалдықтарды автоматты сұрыптау жүйелері
-Қалдық тасымалдауды оңтайландыратын цифрлық платформалар
-Экологиялық жауапкершілікті көтерудегі жаңа технологиялардың -ықпалы
-ЖИ қолданылған әлемдік озық тәжірибелер
Ашық сабақ барысында білім алушылар топтық және жекелей жұмыстарға қатысып, «Қалдықтарды азайту және қайта өңдеуді тиімді ұйымдастыру» тақырыбында жобалық тапсырмалар орындады. Олардың ұсыныстары интерактивті талқылаулар мен пікірталастар арқылы қаралды. Білім алушыларЖИ технологиясын пайдаланып, экологиялық тұрақтылыққа үлес қосу жолындағы шығармашылық шешімдерін ортаға салды.
Ашық тәрбие сағаты білім алушылардың экологиялық сауаттылығын арттырып, жасанды интеллекттің қалдықтарды басқарудағы практикалық рөлін көрсету арқылы тұрақты даму идеяларын түсінуге мүмкіндік берді. Студенттер өздерінің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, болашақта экологиялық мәселелерді шешуге қатысуға дайын екенін көрсетті.
powered by social2s







