Жаңалықтар
2025 жылғы 10–11 қараша күндері «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебініңаға оқытушысы Тұрғанбекова М.М. филология факультетінің 3-курс студенттерімен (ФИ23-1дк, ФИ23-1к, ФИ23-5к, ФИ23-4кр, ФИ23-3к1, ФИ23-3к2, ФИ23-3к3, ФИ23-1к2, ФИ24-1кс, ФИ23-3др, ФИ23-3р1, ФИ23-3р2 топтарымен) «Мамандықтағы жасанды интеллект» тақырыбында дәрістік сабақтар өткізді.
Сабақтар АҚШ-тың Иллинойс университетінде өткен шетелдік ғылыми тағылымдамадан алынған тәжірибе негізінде ұйымдастырылған постер-презентация форматында өтті.
Бұл форматтың мақсаты — инновациялық және белсенді оқыту әдістерін енгізу, студенттердің сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ олардың заманауи цифрлық технологияларға деген қызығушылығын арттыру болды.
Дәріс барысында студенттер жасанды интеллекттің негізгі ұғымдары мен принциптерімен, оның мамандық салаларындағы қолданылуымен, сондай-ақ ChatGPT, DALL·E, Canva AI, Midjourney сияқты заманауи ЖИ платформалары және құралдарымен танысты.
Сабақтарда ерекше назар жасанды интеллектіні қолданудың этикалық және құқықтық мәселелеріне аударылды.
Студенттер ЖИ-мен жұмыс істеу кезінде сақталуы тиіс этикалық нормаларды (академиялық адалдық, дербес деректерді қорғау, авторлық құқықты сақтау, плагиатқа жол бермеу) және цифрлық құралдарды пайдалану кезіндегі құқықтық шектеулер мен тәуекелдерді талқылады.
Оларға ЖИ технологияларын оқу және кәсіби қызметте дұрыс әрі қауіпсіз қолдану бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Постер-презентация форматы студенттерге:
• өздерінің шағын жобалары мен визуалды постерлерін дайындауға;
• білімін, аналитикалық және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге;
• пікірталастар мен таныстырылымдарға белсенді қатысуға;
• өзіндік және зерттеушілік ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Осы әдістемені қолдану нәтижесінде студенттер тек жасанды интеллект туралы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар AI құралдарын білім беру, кәсіби және зерттеу қызметінде қолданудың тәжірибесін меңгерді.
Сондай-ақ олар ЖИ технологияларын этикалық әрі жауапкершілікпен пайдалану қажеттілігін түсініп, болашақ маман ретінде саналы көзқарас қалыптастырды.

powered by social2s