Жаңалықтар
Ашық дәріс сабақ «Заманауи интернет технологиялары»
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 93
13.10.25 жылы қазан айында «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасың оқытушысы Тұрғанбекова М.М. ФИ23-1дк, ФИ23-1к2, ФИ24-1кс, ФИ23-5к, ФИ23-4кр топтарының студенттерімен «Заманауи интернет технологиялары» атты ашық дәріс сабағы кестеге сәйкес толығымен орындалды. Сабақта активті және интерактивті әдістері, топтық жұмыс әдісінің элементтері қолданылған.
Оқытушы интернет және Интернет технологияларының негізгі ұғымдары мен терминдерін атап өтті. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында WWW, Web-сайт, Web-беттер, DNS, HTTP, HTTPS интернет протоколдары DHTML, CSS, Javascript белгілеу тілдері туралы толық түсіндіріп, студенттермен сұрақ жауап түрінде талдаулар жасады. Жаңа сабақтың мазмұнын толық ашу үшін видео және презентация қолданылып көрсетілді.






