Жаңалықтар
Заманауи мамандықтар жастар болашағының негізі.
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 26
«Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебі, «Техникалық мамандықтар үшін шет тілі» кафедрасының аға оқытушылары Кудасбекова Айгуль Берікқызы және Байдабекова Мейіркүл Сұлтанбекқызы тарапынан ONTUSTIK RABAT газетінің 12 маусым 2025ж №24-ші санына «Ақпарат пен Энергия тоғысқан мекен: Заманауи мамандықтар жастар болашағының негізі» деген тақырыпта Жоғары мектептегі мамандықтар жайлы мақала жарияланды. Мақалада М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің өзіндік орны бар білім ордаларының бірі екендігі айтылған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебі түлектерге сенімді болашақ сыйлайды. Бұл оқу орны еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған. Оқыту теория мен практиканың үйлесімділігіне негізделіп, студенттер заманауи зертханаларда білімін жетілдіреді. Сонымен қатар, шетелдік университеттермен бірлескен жобалар мен академиялық алмасу бағдарламалары ұсынылады. Жоғары мектеп ақпараттық технологиялар мен энергетика саласында жоғары сұранысқа ие мамандарды даярлауда.