Жаңалықтар
Оқытушы Рахымбек Н.Ж. Білім алушылар мен оқытушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорт секциялары мен үйірмелерге қатысуы қамтамасыз етілді. Студенттер түрлі спорт түрлерінен өткізілген жаттығулар мен жарыстарға белсене атсалысып, дене тәрбиесі бағытында өз қабілеттерін дамытты.Сонымен қатар, университет көлемінде факультеттер арасында өткен жүзуден жарыста кафедра оқытушысы Иманбеков И.С. жоғары нәтижеге қол жеткізіп, бірінші орынды иеленді. Бұл жетістік – кафедра ұжымының белсенділігін және салауатты өмір салтын қолдайтындығының дәлелі.