Жаңалықтар
Аграрлық факультеттің ғалымдары ғылыми конференцияда АӨК тиімділігін арттыру шешімдерін ұсынды
- Қаралды: 5
Аграрлық факультет делегациясы Ордабасы аудандық әкімдігі ұйымдастырған «Агроөнеркәсіптік кешенге заманауи агротехнологияларды енгізу және ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру» ғылыми конференциясына қатысты. Факультет өкілдері өңірлік егіншілік пен мал шаруашылығын дамытудың негізгі аспектілерін қамтитын баяндамалар жасады.
«ШФҚ-да жоғары табысты өсімдік шаруашылығын ұйымдастыру» тақырыбындағы баяндамасындафакультет деканы, қауымдастырылған профессор Гүлнәр Тастанбекова фермерлік шаруашылықтарға рентабельділіктің жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін экономикалық тетіктер мен басқару шешімдеріне баса назар аударды.
«Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасының доценті Жеңісбек Әбдірайымов «Өнімділікке қалай +20% алу керек» баяндамасын ұсынды. Ол көрсеткіштерді елеулі шығындарсыз айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін нақты әдістемелер мен технологиялық тәсілдермен бөлісті.
Кафедра профессоры, ҚР ҰҒА академигі Жәнібек Паржанов «Оңтүстік Қазақстандағы қой шаруашылығы» тақырыбына сараптамалық талдау жасады. Оның баяндамасы біздің өңірдегі саланың ерекшелігі мен оны жаңғырту жолдарына арналды.
Конференцияға қатысу факультеттің ғылыми әлеуетін көрсетуге және агробизнес өкілдерімен байланысты нығайтуға мүмкіндік берді. Ғалымдардың айтылған жетістіктері оқу процесіне енгізілуде, бұл студенттерге ең өзекті және экономикалық тиімді агротехнологияларды игеруге мүмкіндік береді.







