Факультет деканы «Өрт қауіпсіздігі және өрт-техникалық минимум» оқу курсына қатысты

2026 жылғы 19 ақпанда факультет деканы, қауымдастырылған профессор Г.Р. Тастанбекова М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-нің «Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырған «Өрт қауіпсіздігі және өрт-техникалық минимум» оқу курсына қатысты.

Іс-шараның мақсаты - өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметкерлердің білім деңгейін арттыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және оқу орны аумағында қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету.

Дәріс «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және ҚР ТЖМ 21.02.2022 жылғы №55 бұйрығымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес өткізілді. Сөз сөйлеген маман Нұрғали Сабырханұлы:

- тұрмыста және оқу орындарында өрттердің туындау себептері;

- өрт сөндіргіштерді пайдалану ережелері;

- өрт дабылы іске қосылған кезде эвакуациялау алгоритмі туралы айтты.

Университеттің оқу корпустары мен жатақханаларында түтін шыққан жағдайда студенттер мен қызметкерлердің іс-қимылына ерекше назар аударылды.


Күнтізбе

Ақпан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.