Жаңалықтар
Аграрлық факультетте «Auezov university – 2026» халықаралық қысқы мектебі басталады
- Қаралды: 8
Барлық мүдделі тұлғаларды 2026 жылғы 12-23 қаңтар аралығында «Ауезов университеті - 2026» халықаралық қысқы мектебінің «Ауыл шаруашылығы секторында және ресурстарды басқарудағы жасанды интеллект» тақырыбындағы жұмысына қатысуға шақырамыз.
Халықаралық қысқы мектептің мақсаты – Қазақстанның және шетел ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың жаһандық мәселелерін талқылау, практикалық және тиімді шешімдерді қабылдау үшін ғалымдар мен мамандарды (Қазақстан, Түркия, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Израиль, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан) тарту.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу университетінің Аграрлық факультетінің Zoom платформасында өткізілетін Қысқы мектеп курстарын аяқтаған соң қатысушыларға 3 кредит көлемінде сертификат беріледі.




