Аграрлық факультеттің ПОҚ жатақхана студенттерімен кездесу өткізді
- Қаралды: 8
«Ветеринарлық медицина» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы №5 жатақханада тұратын студенттермен кездесу өткізді. Кездесуде студенттердің үлгерімі, бос уақытын ұтымды пайдалану, тәртіп пен этиканы сақтау, жатақханадағы санитарлық-гигиеналық жағдайлар мәселелері қаралды.
Әңгімелесу барысында оқытушылар студенттердің ынтымағын, өзара сыйластығы мен жауапкершілігін жоғары бағалады. Олар жатақханадағы тәртіп пен тазалықты сақтау, салауатты өмір салтын ұстану, өзара қолдау жөнінде ұсыныстар берді.
Кездесу соңында студенттер аталған іс-шараны өткізгені үшін алғыстарын білдіріп, оқу және қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысуға уәде берді.









