ИНЖЕНЕРЛІК БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ

Бүгін Әуезов университетінде «Сәуір – ғылым айы» іс-шарасы аясында академик Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлының 70 жылдығына орай «Инженерлік білім және ғылым: цифрлық экономиканың сын-қатерлері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ғылыми басқосуды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – Ректор м.у.а Қайрат Нұрманбетов жүргізіп отырды.

Конференцияға еліміздің және алыс-жақын шет мемлекеттердің ғалымдары, университеттің оқытушы-профессорлары, өндіріс орындарының басшылары және білім алушылар қатысты. Сондай-ақ, Түркістан облысының «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, ҚР Ұлттық инжинерлік академиясының вице-президенті, академик Нұрлан Темірбеков қонақта болды.

Ж.Ү.Мырхалықов - 2012-2018 жылдары М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да ректор қызметін атқарған. Ол техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік ғылым академиясының академигі, Халықаралық инженерлік ғылымдар академиясының академигі. Білім мен ғылым саласын дамытуда, мамандар даярлауда, өндіріс пен ғылымды байланыстыруда Жұмахан Үшкемпірұлының еңбегі орасан.

Жиын барысында Қайрат Еңбекшіұлы академик Жұмахан Үшкемпірұлының білім мен ғылым саласындағы жетістіктеріне тоқталып, 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, университеттің «Құрметті профессоры» куәлігі және «М.Әуезов» төсбелгісін табыс етті.

Конференцияда ҚР Ұлттық инжинерлік академиясының вице-президенті, академик Н. Муханұлы «Аймақтық экологиялық саясатты қолдау және шешім қабылдау үшін сандық аналитикалық платформа құру»; Ж.Ташенев университетінің ректоры, т.ғ.к. профессор Қ.Байболов «Цифрлық трансформация жағдайында инженердің жаңа моделін қалыптастыру: мемлекеттің, кәсіпорындардың және университеттің өзара іс-қимылы»; т.ғ.д. профессор ЖҒРА және ХИНА академигі, «Интеллект Орда» Халықаралық әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер интеграциясы институтының директоры С.Мәжитов «Гуманитарлық компонент - қазіргі заманғы инженерияны дамытудың негізгі факторы»; У.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және коммерцияландыру бөлімінің басшысы, академик А. Джомартов «Кабельдік параллель роботтарды практикалық қолдану» тақырыптарында баяндама жасады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.