2025 жылғы 5-желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасының ұйымдастыруымен «КримЭкс – 2025: криминалистика және сот сараптамасының үздік білгірлері» атты XII халықаралық байқау өткізілді. Байқау құрылымы бес кезеңнен тұрды және қатысушылардың криминалистика мен сот сараптамасы саласындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын кешенді түрде бағалауға бағытталды.
Аталған халықаралық байқауға М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Заң факультетінің студенттерінен құралған «Әділет ізі» командасы топ басшысы: Шабанов Жансултан Бахтиярұлы; топ құрамы: Файзулла Гүлханым Изатуллақызы, Нақылбек Ерасыл Мухитұлы, Мохаммад Фарида Хосейнқызы, Касымова Феруза Рахимжановна. қатысып, жоғары кәсіби дайындық танытып, жалпыкомандалық есеп бойынша III орынға ие болды. «Аяқ киім ізінің үздік гипсті қалпы» номинациясы бойынша өте жақсы нәтижеге қол жеткізіп, І, ІІ орындарды иеленді.
І орын - топ жетекшісі аға оқытушы Еркебаева Нуршат Алмурзаевна, ЮМ 22-1к2 тобының студенттері Файзулла Г.И., Абдинасыр Т.А., Мамытхан А.А., Тұрар Н.Т.
І орын - топ жетекшісі аға оқытушы Джумадилов Бақыт Джорабекович,
ЮМ 22-1р1 тобының студенттері Мохаммад Ф.Х., Ганиева Н.Б., Асатуллаева Р.К., Файзахметова Ф.Р.
ІІ орын - топ жетекшісі аға оқытушы Еркебаева Нуршат Алмурзаевна, ЮМ 22-1к5 тобының студенттері Нақылбек Е.М., Бақтияр Ж.Қ., Бекзаткан Д.Н., Нуршабай А.Т.
ІІ орын - топ жетекшісі оқытушы Ақшабай Майра Бақытжанқызы, ЮМ 22-1к15 тобының студенттері Шабанов Ж.Б., Ербол А.Е., Кушербай Ә.Е., Қасымбек М.С.
ІІ орын-топ жетекшісі аға оқытушы Джумадилов Бақыт Джорабекович,
ЮМ 22-1р1 тобының студенттері Касымова Ф.Р., Идаятова Н.В., Дуйсенбай Ш.А., Буронбаева Б.Е.

