Басып шығару

"Жас маман-2025" бос орындар жәрмеңкесі

28.05.2025ж күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде, "Мансапты қолдау және жұмысқа орналастыру орталығының" ұйымдастыруымен бітіруші түлектерді жұмыспен қамтуға арналған "Жас маман-2025" бос орындар жәрмеңкесі болды. Жәрмеңкеге саясаттану кафедрасының шақыртуымен "AMANAT" партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Байқонысов Ербол Рәбілұлы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік  қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Әлжанова Жазира Салханқызы келіп қатысты.

powered by social2s