Бүрхан Жадыра – Педагогика және мәдениет факультетінің «Жалпы тарих және мұражай ісі»кафедрасының 3 курс студенті. 2017 жылдың қазанынан 2018 жылдың ақпанына дейін М. Әуезов атындағы Оңтүсті Қазақстан Мемлекеттік Университеттің Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Лодзь университетинде білім алып келді.
Лодзь Университеті – Польшадағы ірі, мемлекеттік жоғары оқу орны болып табылады. Қазіргі таңда университетте 40.000 ға жуық студент , оның арасында 80 елдің студенттері, поляк, ағылшын, француз тілінде білім алып жатыр.Университете білім алуға деген қызығушылықты білім берудің жоғары сапасымен ғана емес, сондай-ақ заманауи оқыту бағдарламалары арқылы да анықтайды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы нағыз батыс үлгісіндегі сапалы да әрі қызықты білім алу мүмкіндігімен қатар, студентке басқа да елдерді тамашалауға зор көмегін көрсетті.
.jpg)