М.Әуезов атындағы ОҚУ мен «Селена-ЦА» ЖШС арасында түзілген екі жақты келісімшартқа сәйкес (14.01.2026 жыл) 2026 жыл 22-23 қазан күндері полиуретанды көбіктер, герметиктер мен желімдердің әлемдік өндірушілерінің бірі «Селена-ЦА» ЖШС және «Құрылыс инженериясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Құрылыс» және «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламалары білім алушыларына арналған «Семинар-практикум» өтті. Серминар аясында «Селена-ЦА» өкілдері білім алушыларды «Заманауи гибридті желім-герметиктер» және «Цементті желімдердегі Fiber технологияларымен» таныстырып, білім алушыларға оларда қолдану бағытында нақты ақпарттар берілді.




