Басып шығару

Бейнелеу өнері, технология және музыкалық білім

Кафедра меңгерушісі

Жолдасбекова Сауле Абдразаховна

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Мекен-жайы: Шымкент, А.Байтұрсынов көшесі н/з үй, М.Әуезов атындағы ОҚУ № 7 оқу ғимараты, 207 бөлме

Байланыс телефоны: 30-09-28, 

E-mail:  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.



►Профессор-оқытушылар құрамы

►2020-2021 жылдық есебі 
►2021-2022 жылдық есебі 
►2022-2023 жылдық есебі 
►практика 

 

Кафедраның тарихы

Аталған мамандық бойынша кафедраны ұзақ жылдар бойына жоғары білікті мамандар, жастарды еңбекке баулу және кәсіпке дайындау саласында қызмет атқарған ғалым педагогтар басқарды.  Олардың ішінде М.С.Сәрсенбаев, К.А.Дүйсенбаев, Ю.С.Суязов, И.А.Анарбеков, К.Т.Назарбеков, А.Б.Саипов, Д.К.Пошаев, Е.Д.Мейірбеков, С.А.Мошкин, Ю.Н.Камалов, С.А.Жолдасбекова бар.

1996 жылы республика ЖОО-ның қайта ұйымдастырылып құрылуына байланысты кафедра инженер-педагогикалық факультеті құрамында жаңадан құрылған Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің құрамына еніп, «Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы деп аталды.

1998 жылдың наурыз айынан бастап ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес ОҚО-да екі ірі университеттер: Техникалық университет және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті бірігіп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылды. Осылайша «Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы Жаратылыстану-педагогикалық факультеттің құрамында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың құрылымына енді. 2019 жылы кафедра аты «Кәсіптік оқыту» кафедрасы болып аталып болашақ «технология» мен «кәсіптік оқыту» педагогтарын даярлады. Кафедра базасында Республикалық Оқу-әдістемелік бірлестік жұмыс жасап келеді.

«Бейнелеу өнері және сызу» мамандарын даярлау тарихы

1969 жылдан бастап Шымкент педагогикалық институтында жалпы білім беретін орта мектептерге арнап «Бейнелеу өнері және сызу» пәні мұғалімдерін дайындау қолға алына бастады. Физика математика факультеті жанынан құрылған «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасын аға оқытушы Е.М. Кан басқарды. Алғашқы оқытушылар қатарына Л.П. Павловский, Л.Ф. Жиляковалар болды.

Кафедраның қалыптасып дамуы барысында Одақ, Республика көлеміндегі белгілі көркем-өнер оқу орындарынан білікті мамандар шақырыла бастады. Олардың қатарында Скородин Ю.И., Почукаева З.В., Ломакин Ю.И., Халмуратов Ж.И., Тастемиров Қ.Т., Савостина Л.М.  т.б. болды. Сонымен қатар кафедранның алғашқы түлектері Ералин Қ.Е., Загоденко Ю.И., Никонов Г.В., сияқты оқытушылар қызмет атқарды.

Студенттер құрамының артуына байланысты үш кафедрадан тұратын «Көркем, сурет және графика» факультеті болып қайта құрылды. Факультетті аға оқытушы Кәдеев И.У. басқарды. Педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар  педагогика ғылымдарының кандидаттары: Павловский А.Л.,  Айдосов Ә.,  т.б. Суретшілерінің Одағының мүшелері көптеген халықаралық  жеке Республикалық көрмелерге қатысып келеді.

Кафедра 1996 жылдың май айында «Дене тәрбие және спорт» институты құрамына Мәдениет Институты мен Яссауи атындағы ХҚТУ-нің Шымкент бөліміндегі педагогикалық мамандықтар август айында қосылып, қайта құру нәтижесінде «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлы институтты» құрылды.

1996 жылы ЖОО-ның құрылымдық өзгерулеріне байланысты М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның жаратылыстану-педагогика факультеті құрамында «Сурет және кескіндеме» кафедрасы болып құрылып, бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімдері осы аталған оқу орнында дайындала бастады. Кафедраны алғашқы жылдары п.ғ.к., доцент Павловский А.Л. басқарды. 1999 жылдан 2004 жылдарға дейін п.ғ.д., профессор Ералин Қ.Е., 2004 жылдан п.ғ.к., доцент Бейсенбаев С.Қ. кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

29.09.05 жылы бекітілген № 880-Л ректордың бұйрығы бойынша «Сурет және кескіндеме» кафедрасы «Кескіндеме және дизайн» және «Бейнелеу өнері және сызу» кафедраларына бөлінген. «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасында  050107 «Бейнелеу өнері және сызу», бакалавриат  мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай оқу түрлері негізінде, 6N0107 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша магистратураға мамандар даярлады.

2021 жылдың қыркүйек айынан бастап «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы мен «Музыкалық білім » кафедрасы бірігіп, «Музыкалық білім және көркем еңбек» кафедрасы болып аталды.

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап «Музыкалық білім және көркем еңбек» кафедрасы мен «Кәсіптік білім » кафедрасы бірігіп, «Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасы болып аталды.

Кафедра барлық талаптарға сай жауап беретін жақсы жабдықталған оқу аудиторияларымен, тігін және зергер шеберханалар және заманауи үлгідегі бағдарламалармен жабдықталған компьютерлер қамтамасыз етілген және мол натура қоры бар.

Кафедра оқытушылары мен студенттері тұрақты түрде көрмелерге қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап отырады.

Бүгінгі таңда кафедра 5В012000 - Кәсіптік оқыту, 6В01450-Кәсіпік оқыту,  6В01451-Көркем еңбек және сызу(бакалавриат), 6В01431 «Визуалды өнер, көркем  еңбек, графика және жобалау», 6В01430- Бейнелеу өнері және сызу, 6М012000 –Кәсіптік оқыту (магистратура), 7М01430 - Бейнелеу өнері және сызу (магистратура), және 6D012000  - Кәсіптік оқыту (докторантура Phd) мамандықтары бойынша жоғарғы білікті педагог кадрларын дайындауда.

Оқытушылар құрамы

Кафедрада жұмыс істейтін 16 оқытушының 2-педагогика ғылымдарының докторы (С.А. Жолдасбекова, А.Б.Саипов), 1- PhD- доктор (Мусакулов Қ.Т), 5-педагогика ғылымдарының кандидаты (Ю.Н. Камалов, Т.С.Бүркітбаев.,Т.Ш.Маханов, Г.А. Бакирова, Л.С.Ахмет), 4 оқытушы-магистр (С.Ш. Байзахова, Х.Ш. Қайрақбаева, М.Ю.Камалов, А.А.Қозыбекова) және 4-аға оқытушы (Кунжигитова Г.Б., Ибраимова П.Т., Кубенов М.А., Изтилеуова А.Ш.) педагогикалық қызмет атқаруда.

Кафедраның профессорлары мен оқытушылары 1995, 1996, 2001, 2002, 2004, 2006 және 2010 жылдардағы «Еңбек», «Кәсібтік оқыту» мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ типтік оқу бағдарламаларының авторлары. Жалпы білім беретін мектептердің «Көркем еңбек» пәні оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдар авторлары.

+Image
+Image
+Image
Image

Материалдық-техникалық базасы

Қазіргі таңда кафедра базасында ағаш, металл, тоқыма материалдарын өңдеу шеберханалары, радиоэлектроника, ауылшаруашылық техникаларын автокөліктерді пайдалану және жөндеу бойынша 12 мамандандырылған шеберхана мен зертханалар жұмыс жасауда .

Шымкент қаласының  «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» мен   «Индустральды техникалық колледждерімен» жасалған екі жақты келісім-шарт негізінде оқу-ғылыми өндірістік кешен (ОҒӨК) ұйымдастырылып жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, дуальды оқыту негізінде болашақ педагог кадрларды даярлау мәселесі қолға алынған.


Оқытушылар құрамы

Кафедрада жұмыс істейтін 16 оқытушының 2-педагогика ғылымдарының докторы (С.А. Жолдасбекова, А.Б.Саипов), 1- PhD- доктор (Мусакулов Қ.Т), 5-педагогика ғылымдарының кандидаты (Ю.Н. Камалов, Т.С.Бүркітбаев.,Т.Ш.Маханов, Г.А. Бакирова, Л.С.Ахмет), 4 оқытушы-магистр (С.Ш. Байзахова, Х.Ш. Қайрақбаева, М.Ю.Камалов, А.А.Қозыбекова) және 4-аға оқытушы (Кунжигитова Г.Б., Ибраимова П.Т., Кубенов М.А., Изтилеуова А.Ш.) педагогикалық қызмет атқаруда.

Кафедраның профессорлары мен оқытушылары 1995, 1996, 2001, 2002, 2004, 2006 және 2010 жылдардағы «Еңбек», «Кәсібтік оқыту» мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ типтік оқу бағдарламаларының авторлары. Жалпы білім беретін мектептердің «Көркем еңбек» пәні оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдар авторлары.

Кафедраның жетістіктері

 Біздің жетістіктеріміз

Соңғы 5 жыл ішінде, яғни 2015-2021 жылдар аралығында аталған кафедраның оқытушы профессорлар құрамы 16 оқулық, 29 оқу құралын (РУМС МОН РК),  415 әдістемелік құралын, 32 виртуалдық практикалық жұмыстарын, 6 бейнелекцияларын, 300-ден астам ғылыми-әдістемелік мақалаларын, 48 оқу үдерісіне енгізу актілерін дайындады.

Бакалавриат бағыты бойынша кәсіптік оқыту мамандығы ҚР ЖОО-рының IQAA білім беру сапасын қаматамасыз ету тәуелсіз агантігінің 2018 жылғы қортындысы бойынша І-ші орынды иеленді.      

PhD докторантурасы бағыты бойынша ҚР ЖОО-ның НААР аккредиттеу және рейтингінің тәуелсіз агенттігінің 2018 жылғы қрытындысы бойынша 1 орынды иеленді.

2020 жылы сәуір айында өткен студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасында Астана қаласында жүлделі 2-ші орынды иелендік. 2019-2020 оқу жылынан бастап Шымкент қаласының «Жеңіл өнеркәсіп және сервис»  колледжінің базасында 3 курс студенттерімен «Дуальдық оқыту» формасын жүзеге асыру жүргізілуде.

Қазіргі таңда кафедра базасында жоғары кәсіптік білім беру жүйесі үш сатыда жүргізіледі.

6В01450-Кәсіпік оқыту,  6В01451-Көркем еңбек және сызу(бакалавриат),

7М01450 –Кәсіптік оқыту (магистратура)

8 D01450 - Кәсіптік оқыту (докторантура PhD)

2017 жылдың мамыр айында кафедрамыздың базасына 6D012000  - Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаудың арнайы Кеңесі ашылды.

Қазіргі таңда 2020-2021 оқу жылында кафедра базасында 10 магистрант және 9 PhD докторанттары білім алуда.

Нуржанбаева Жанат

2020 жылы 26.06.2020ж Савельева Виктория Вячеславовна  «Университетік білім беру жағдайында бакалаврларды жобалық іс-әрекетке кәсіби дайындау»  диссертациялық жұмысын сәтті қорғады.

Жаңартылғын білім беру мазмұны бойынша магистрлік және докторлық диссертациялық жұмыстар бойынша зерттеулер жүргізілді. Атап айтсақ докторант 2021-2022 оқу жылында Философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін дайындалған докторлық диссертация:

- Айдаров Бақытжан Жұмадуллаұлының «Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының кәсіби ұтқырлығын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері»;

Жетекшісі: Камалов Юсубалы Назимович

- Иманкулова Ляйля Болаткуловнаның «Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарынының зерттеушілік функциясын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері»;

Жетекшісі: Жолдасбекова Сауле Абдразаховна

- Шагатаева Зауре Ерназаровна «Болашақ кәсіптік оқыту педагогтерінің жалпы технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері»;

Жетекшісі: Жолдасбеков Абдіманат Әбдіразахұлы

- Аширова Жазира Уәлиханқызының «Колледж студенттерін құқықтық мәдениетке тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері»;

Жетекшісі: Жолдасбекова Сауле Абдразаховна

- Тәңкіш Нәзира Полатқызының «Болашақ кәсіптік оқыту педагогының тұлғалық және әлеуметтік еңбек функцияларын қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздері» тақырыптарында докторлық диссертациялары қорғалды.

Жетекшісі: Камалов Юсубалы Назимович

Парманкулова Перизат Жаксылыковна

Жетекшісі: Жолдасбекова Сауле Абдразаховна

Септемирова Аяулым Жомартқызы

Жетекшісі: Жолдасбеков А.А.

Кошкинбаева Нургуль Рыспаевна

Жетекшісі: Саипов А.Б.

 

 Академиялық ұтқырлық           

 Білім беру қызметін көрсету саласында өзара қызметтестік  келісімдері бар.

2018-2019 оқу жылы

1) 5В010700-Бейнелеу өнері  мамандығы бойынша мемлекеттік білім гранты негізінде білі алушы ПИК-16-2к тобының 3 курс студенті Төленбай Турсынай Әлібекқызы   2018-2019 оқу жылының көктемгі семестрінде  2019 ж қаңтардың  21-і мен мамырдың 31-і аралығында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қосылған білім алу үшін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен (Түркістан  қ)  жоғары оқу орындары арасында өзара білім алмасу негізінде жіберіліп академиялық ұтқырлықтан өтті.

2) 5В010700-Бейнелеу өнері  мамандығы бойынша мемлекеттік білім гранты негізінде білі алушы ПИК-16-2к тобының 3 курс студенті Курбанова Куралай Есиркеповна 2018-2019 оқу жылының көктемгі семестрінде  2019 ж қаңтардың  21-і мен мамырдың 31-і аралығында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қосылған білім алу үшін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен (Түркістан  қ)  жоғары оқу орындары арасында өзара білім алмасу негізінде жіберіліп академиялық ұтқырлықтан өтті.

3) 5В010700-Бейнелеу өнері  мамандығы бойынша мемлекеттік білім гранты негізінде білі алушы ПИК-16-2к тобының 3 курс студенті Жандабаева Жансая Медетқызы  2018-2019 оқу жылының көктемгі семестрінде  2019 ж қаңтардың  21-і мен мамырдың 31-і аралығында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қосылған білім алу үшін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен (Түркістан  қ)  жоғары оқу орындары арасында өзара білім алмасу негізінде жіберіліп академиялық ұтқырлықтан өтті.

4)  5В010700-Бейнелеу өнері  мамандығы бойынша мемлекеттік білім гранты негізінде білі алушы ПИК-16-2к тобының 3 курс студенті Қасымхан Қырмызы Ордакқызы   2018-2019 оқу жылының көктемгі семестрінде  2019 ж қаңтардың  21-і мен мамырдың 31-і аралығында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қосылған білім алу үшін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен (Түркістан  қ)  жоғары оқу орындары арасында өзара білім алмасу негізінде жіберіліп академиялық ұтқырлықтан өтті.

5) 6В01131-Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы МС20-5к тобының 3-курс студенті Керимбай Индира Сембайқызы 2021-2022 жылы оқу жылының күзгі семестрінде  Северная Польша мемлекеті,  Город Гданьск қаласы  жоғары оқу орындары арасында өзара білім алмасу негізінде жіберіліп академиялық ұтқырлықтан өтті.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) бойынша оқитын бакалавр студенті ретінде Керімбай Индира республикалық бюджет есебінен білім берудің академиялық ұтқырлық бағдарламасының бір семестрге 1 млн 200 мың теңге грантын жеңіп алды.

Индираның айтуынша: «Академиялық ұтқырлық маған не берді? Бір семестрде мен шетелдегі студенттік өмірді көрдім, Еуропаның бірнеше елін араладым, ағылшын тілін жетілдірдім, бейімделеу мен ұтқырлықты дамытты, проблеманы шешу дағдыларын жетілдірдім, жауапкершілік сезімін арттырдым, әлемді зерттедім, еуропалық мәдениетпен таныстым, сенім арттым. Шетелде оқу тәжірибесін жинақтадым, жеке даму мен кәсіби өсуде тәжірибе жинақтадым, менің академиялық және өздігінен білім алуға деген құштарлығым айтарлықтай артты.

+Image
+Image
+Image
+Image

Мұхтар Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан Зерттеу Университетінің 80 - жылдығына орай " ҒЫЛЫМ , БІЛІМ , ЖАСТАР " тақырыбындағы XXVII - студенттердің ғылыми - практикалық конференциясында III – дәрежелі дипломмен марапатталды . Баяндамашы : Қажым Гульжауһар . Ғылыми жетекшісі : Аға оқытушы - Жанабаева Рима Кудеровна . 28-29 желтоқсан , 2023 жыл . Шымкент қаласы .

Image

Қазақстан Республикасы «  BILIM-ORKENIETI » ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ҚР Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі және қоғамдық іс – шараларға белсене қатысып , көшбасшылық қабілетін көрсете білгені үшін «ҮЗДІК СТУДЕНТ» төсбелгісімен марапатталды және куәлік берілді . Астана қаласы , 2024 жыл.

Image

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу Университеті . "Мәдениет және өнер" факультеті - Диплом -II-дәрежелі " Жаһандық ғылыми-техникалық жән мәдени даму үрдісіндегі студенттердің ізденіс жұмыстары" тақырындағы XXVIII студенттердің ғылыми - практикалық конференциясы . Баяндамашы : Жолдасова Зия - МӨ-24-1к2 тобының студенті . Ғылыми жетекшісі : П.Ғ.К., ДОЦЕНТ – Арипбаева Ляззат Шариповна. 5-6 желтоқсан, 2024 жыл .

Image

Қазақстан Республикасы , Түркістан облысы , Шымкент қаласы . / Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу Университеті . « КҮЗГІ БАЛ » атты халықаралық шығармашылық онлайн – байқауының I – орын жеңімпазы марапатталды . Жетекшісі : Арипбаева Ляззат Шариповна . Бағыты : Музыкалық аспаптарда ойнау . Жұмыс атауы : Гитара ( Бозторғай – ана , Сәйгүлік ) , Баян – Аккардеон ( Арыс жағасында ) , Домбыра ( Шындық ) , Қобыз ( Отан ана ) . 30 қараша – 30 қараша , 2024 жылы .

Image

Қазақстан Республикасы , Түркістан облысы , Шымкент қаласы . / Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу Университеті . « БІЛІМ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ » атты ( 2-18 жас ) балалар мен ересектерге арналған халықаралық білім беру және шығармашылық онлайн – байқауының I – орын жүлде иегері атанды .             Жетекшісі : Арипбаева Ляззат Шариповна . Байқау бағыты - Музыкалық аспаптарда ойнау ( Қобыз аспабы , гитара , домбыра ) . Жұмыс атауы : « Отан - ана » ( Батырхан Шүкенов ) , « Бозторғай - ана » , « Шындық » . Қазақстан , Алматы қаласы . Қыркүйек – қазан , 2024 жыл .

Image
Image

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен

2024 жылғы 5 қарашадағы № 1012 бұйрығы Бакирова Гульмира Абильпатташовнаға "БІЛІМ" ғылыми бағыты бойынша ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФССОР ( ДОЦЕНТ ) ғылыми атағы берілді .

Image

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу Университеті . "Мәдениет және өнер" факультеті - Диплом -I-дәрежелі " Жаһандық ғылыми-техникалық жән мәдени даму үрдісіндегі студенттердің ізденіс жұмыстары" тақырындағы XXVIII студенттердің ғылыми - практикалық конференциясы . Баяндамашы : Данияр Аружан - МӨ-24-1к1 тобының студенті . Ғылыми жетекшісі : Оқытушы - Тұрсынбаева Мөлдір . 5-6 желтоқсан, 2024 жыл .

Image

Қазақстан Республикасы Педагогтар Қоғамының шешімімен білім беру саласына қосқан елеулі үлесі үшін "Білім беру ісінің үздігі" төсбелгісімен Жанабаева Рима Кудеровна марапатталды . Астана қаласы,2023 жыл.

Image

Қазақстан Республикасы Педагогтар Қоғамының шешімімен білім беру саласына қосқан елеулі үлесі үшін "Білім беру ісінің үздігі" төсбелгісімен Естемкулов Сабит Аширович марапатталды . Астана қаласы,2023 жыл.

Image

Қазақстан Республикасы Педагогтар Қоғамының шешімімен білім беру саласына қосқан елеулі үлесі үшін "Үздік педагог" төсбелгісімен Жайлымысова Гулжазира Акжигитовна марапатталды . Астана қаласы , 2022 жыл .

Image

Қазақстан Республикасы Педагогтар Қоғамының шешімімен білім беру саласына қосқан елеулі үлесі үшін "Үздік педагог" төсбелгісімен Елгонова Сандуғаш Дауренбаевна марапатталды . Астана қаласы , 2022 жыл .

Image

« BILIM-ORKENIETI » ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ . ДИПЛОМ . - I - дәрежелі . "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың " " Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс " атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды Республикамыздың жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен " ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ " атты республикалық байқауына қатысып  жеңімпаз атанған Қуандық Нұрсая Сағындыққызы марапатталды .          Астана қаласы , 2024 жыл .

Image

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу Университеті . "Мәдениет және өнер" факультеті - Диплом -III-дәрежелі " Жаһандық ғылыми-техникалық жән мәдени даму үрдісіндегі студенттердің ізденіс жұмыстары" тақырындағы XXVIII студенттердің ғылыми - практикалық конференциясы . Баяндамашы : Асан Сағыныш - МӨ-24-1кс тобының студенті . Ғылыми жетекшісі : Аға оқытушы - Жанабаева Рима Кудеровна .      5-6 желтоқсан, 2024 жыл .

Image

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі . М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу Университеті . Диплом - ІІІ - дәрежелі . " Жастар ғылымының даму векторлары " тақырыбындағы жаратылыстану , техникалық , әлеуметтік - гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша ХХVII республикалық студенттік ғылыми конференциясына қатысқаны үшін баяндамашы : Хажым Гүлжауһар . Ғылыми жетекшісі : Жанабава Рима Кудеровна марапатталды . Шымкент қаласы . 4-5 сәуір , 2024 жыл .

Image

ҚР Авторлық құқықпен қорғалатын обьектерге құқықтардың мемлекеттік тізімге мәліметтерді енгізу КУӘЛІГІ 2023 жыл, 14- наурыз №33525, автор Жолдасбекова С.А

 
Image

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті Мәдениет және өнер факультетінде ұйымдастырылған «Педагогикалық білім берудегі қазіргі тенденциялар: бейнелеу өнері, көркем еңбек және кәсіптік оқыту» атты қысқы мектепті ұйымдастыру  нәтижелері  туралы  п.ғ.д., профессор Ералин Қуандық Ералыұлының

ПІКІРІ

Кешкі мектеп жоспарына сай оқылған баяндамаларды тыңдау нәтижесі бізге мынандай тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:

1.Әуезов университетіндегі ұйымдастырылған «қысқы мектеп» Қазақстан көркемдік білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуындағы маңызды іс шараның бірі болды.

  1. Кешкі мектептегі оқылған баяндамаларында бейнелеу өнері, көркем еңбек,кәсіптік білім берудің тарихы, теориясы мен практикасының көкейкесті мәселелері қарастырылып, талданып олардың шешу жолдары көрсетілді, жаңа жұмыс бағыттарының перспективалары айқындалды. Көркемдік білім берудегі заманауи nехнологиялар мәніне ерекше назар аударылды.
  2. Болашақ көркем еңбек мамандарын даярлаудағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері бойынша бағалы ұсыныстар жасалды.

4.Онлайн форматында өткен бұл «қысқы мектеп» жаңашылдық сипаты мол педагогка ғылымындағы инновациялық іс-шараның  бір түрі ретінде өзінің өміршең болатындығын көрсетті. Алдағы уақытта бұл істі жалғастыру -Қазақстандағы  көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін даярлау  ісінің дамына ерекше үлес болып қосылады деп ойлаймын.

5.Бұл кешкі мектептің ерекшелігінің өзі  тақырыбының кәсіби білімге, кәсіби мамандар даярлаудың заманауи мәселелерін шешуге, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға, дамытуға бағытталуында болды.

6.Бұл іс- шараның прогрессивтік, жанашылдық, тәжірибелік сипатының болуына байланысты  алдағы уақытта дәстүрге айналдыру бағытында жалғастыруды қажет етеді.Бұл іс Қазақстандағы көркемдік білім беру ісін жоғары сатыға көтеретін бірден бір қозғаушы күш болады деп сенемін.

7.Қазақстан, Ресеймен, Қытай, Өзбекстан, Қарақалпақстан т.б. шет елдер көлеміндегі қатысушылардың баяндамалары баяндамашылар қатысқанауқымды  халықаралық педагогикалық іс-шара болып табылатын кешкі мектепті ұйымдастырған М.Әуезов университетінің ректоры Қожамжарова Дария ханымға, Мәдениет және өнер факультетінің деканы, п.ғ.д., профессор М.Тәңірбергеновке, кешкі мектептің бас медераторы п.ғ.д., профессор С. Жолдасбековаға  және барлық ұйымдастырушыларға,  қысқы мектепке қатысушылар атынан және өз атымнан шынайы ризашылық пен алғысымызды білдіреміз.

 

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Спорт және өнер факультеті, Бейнелеу өнері кафедрасының профессоры, п.ғ.д.,ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі                                  

 

Ералин Қуандық Ералыұлы

Image
Кунжигитова Г.Б Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.ҚР белгілі қылқалам шебері,ҚР суретшілер одағының мү шесі Т.М  Қожағұловтың 60 жылдық мерейтойына байланысты  «Көркем білім берудегі арт аренаның коллаборациясы» атты халықаралық онлайн ғылыми- практикалық конференциясында ғылыми мақаласымен қатысқаны үшін сертификатпен марапатталады.
Image
Студенттердің практикадан өту барысы

6B01430- «Бейнелеу өнері және сызу», 6B01431 – «Визуалды  өнер, көркем  еңбек, графика  және  жобалау», 6В01451-Көркем еңбек және сызу  - БББ бойынша: А.Асқаров ат. Шымкент мемлекеттік Дендросаябағы, № 66 Қазғұрт ЖОББМ, № 69 ЖОМ т.б

Мамандық және білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің барлық жұмыстары атқарылды. Әр студент өзіне берілген тапсырмаларды орындап, есептерін кафедраға өткізді. Сонымен қатар, барлық топтар базада атқарған жұмыстарының есебін толықтырып дайындады.

Практика барысында ешқандай тәртіп бұзушылық, өрт қауіпсізідгі шараларын бұзу мәселелері бойынша ескертулер болмады. Базалар тарапынан студенттерге мақтау айтылып, келешекте де практикаға келулерін сұрады.

Студенттер аталған базаларында мамандықтарына сай жұмыстар жасап, шығармашылықтарын шыңдады.

Image
Image
Image
Студенттік өмір
Студенттер университеттің жыл сайынғы студенттік ғылыми конференцияларында, пәндік Олимпиадаларда мен СҒЗЖ байқауларында атқарылған ғылыми жұмыстар туралы баяндамалар жасайды және ғылыми журналдарда жарияланады.
Image
Академиялық ұтқырлық

«Мәденет және өнер» факультетінің «Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемсі» кафедрасы cтуденттерінің «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы

 

6В01131-Визуалды өнер,көркем еңбек, графика және жобалау білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы МС-20-5к тобының 3-курс студенті Керимбай Индира Сембайқызы 2021-2022 жылы оқу жылының күзгі семестрінде  Северная Польша мемлекеті,  Город Гданьск қаласы  жоғары оқу орындары арасында өзара білім алмасу негізінде жіберіліп академиялық ұтқырлықтан өтті.

Керімбай Индира республикалық бюджет есебінен білім берудің академиялық ұтқырлық бағдарламасының бір семестрге 1 млн 200 мың теңге грантын жеңіп алды.

Сілтеме Керимбай Индира. МС 20-5к. Академическая мобильность. https://studio.youtube.com/video/LzQfcIuJuiU/edit

  1. Керимбай Индира. МС 20 5к. Академическая мобильность.  https://youtu.be
Image

2022-2023 оқу жылының ішкі академиялық оралымдылық бағдарламасы процессін жүзеге асыру мақсатында профессорлық – оқытушылық құрамына көктемгі семестрінің 27.02.-07.04.2023 ж. аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасы мен «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ-да өзара білім алмасу мақсатында  офлайн форматында дәріс оқуда.

.«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ

№

Оқытушының А.Т.Ж.

Ғылыми дәрежесі, атағы

Оқытылатын пән

Кафедра атауы

1

Мусакулов Кусан  Толендиевич

Ph докторы

6В01451 - «Көркем еңбек және сызу»

«Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасы

            Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

№

Оқытушының А.Т.Ж.

Ғылыми дәрежесі, атағы

Оқытылатын пән

Кафедра атауы

1

Маханов Тұрсынхан  Шалабаевич

п.ғ.к.,  аға оқытушы

6В01451 - «Көркем еңбек және сызу»

«Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасы

Студенттік жетістіктер

Студенттік олимпиада 2023 жыл
«Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» 2023 жылдың 27-28 сәуірінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен іс-шаралар шеңберінде 6B01404 (5B012000) – Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің ХV Республикалық пәндік олимпиада өткізді. Жоғары оқу орындарынан пәндік олимпиадаға 6B014 (5B012000) – Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасы бойынша 3 және 4 курстан 4 студентке дейін қатыса алды. Мақсаты - педагогика ғылымы саласындағы талантты жастарды анықтау, болашақ мұғалімдерді даярлау сапасын жетілдіру, білім алушылардың таңдаған мамандығына, педагогикалық цикл пәндерін терең меңгеруге қызығушылығын арттыру, зерттеу, оқытушылық және инновациялық қызмет үшін кадрлар әлеуетін қалыптастыру.
     Шара бағдарламасы бойынша қатысушылар 3 кезеңнен өтті: ІІІ турдан тұратын сайыс ережесінде  командалар теориялық-тестілеу, практикалық тапсырмаларды орындау, кәсіптік оқыту саласына байланысты ғылыми жоба қорғау арқылы додаға  түсті. Ғылыми жобаны қорғау комиссия мүшелерінің қабылдауымен және комиссия мүшелерінің дауыс беруі арқылы жүргізілді. Олимпиадаға  еліміздің оңтүстік,  солтүстік және  Жетісу аймағынан  және Алматы  қаласынан 10 команда  сайысқа  түсті. Сайыс  нәтижесі  бойынша ,  Шымкент қаласы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Өркен» командасы І дәрежелі дипломды  иеленді.

Image
Image
Image
Image
Image

СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДА 2024 жыл
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 2024 жылдың 25-26 сәуірінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен іс-шаралар шеңберінде 6B01450– Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің ХVI Республикалық пәндік олимпиадасы өткізілді. Жоғары оқу орындарынан пәндік олимпиадаға 6B01450 – Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасы бойынша 3 және 4 курстан 4 студентке дейін қатыса алды. Мақсаты - педагогика ғылымы саласындағы талантты жастарды анықтау, болашақ мұғалімдерді даярлау сапасын жетілдіру, білім алушылардың таңдаған мамандығына, педагогикалық цикл пәндерін терең меңгеруге қызығушылығын арттыру, з және инновациялық қызмет үшін кадрлар
әлеуетін қалыптастыру.                 
     Шара бағдарламасы бойынша қатысушылар 3 кезеңнен өтті: ІІІ турдан тұратын сайыс ережесінде  командалар теориялық-тестілеу, практикалық тапсырмаларды орындау, кәсіптік оқыту саласына байланысты ғылыми жоба қорғау арқылы додаға  түсті. Ғылыми жобаны қорғау комиссия мүшелерінің қабылдауымен және комиссия мүшелерінің дауыс беруі арқылы жүргізілді. Олимпиадаға  еліміздің оңтүстік,  солтүстік және  Алматы  қаласынан 10 команда  сайысқа  түсті. Сайыс  нәтижесі  бойынша, университетіміздің алғыр студенттері «Өркен» командасы І  дәрежелі дипломды  иеленді.

Image
Image
Image
Image
Image
Image

«Бейнелеу өнері мен технологияны оқыту әдістемесі» кафедрасының жетістіктері

2022-2023 оқу жылының кафедра  жетістіктері

+Image

ҚР Авторлық құқықпен қорғалатын обьектерге құқықтардың мемлекеттік тізімге мәліметтерді енгізу КУӘЛІГІ 2023 жыл, 14- наурыз №33525, автор Жолдасбекова С.А

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті Мәдениет және өнер факультетінде ұйымдастырылған «Педагогикалық білім берудегі қазіргі тенденциялар: бейнелеу өнері, көркем еңбек және кәсіптік оқыту» атты қысқы мектепті ұйымдастыру  нәтижелері  туралы  п.ғ.д., профессор Ералин Қуандық Ералыұлының

ПІКІРІ

Кешкі мектеп жоспарына сай оқылған баяндамаларды тыңдау нәтижесі бізге мынандай тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:

1.Әуезов университетіндегі ұйымдастырылған «қысқы мектеп» Қазақстан көркемдік білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуындағы маңызды іс шараның бірі болды.

  1. Кешкі мектептегі оқылған баяндамаларында бейнелеу өнері, көркем еңбек,кәсіптік білім берудің тарихы, теориясы мен практикасының көкейкесті мәселелері қарастырылып, талданып олардың шешу жолдары көрсетілді, жаңа жұмыс бағыттарының перспективалары айқындалды. Көркемдік білім берудегі заманауи nехнологиялар мәніне ерекше назар аударылды.
  2. Болашақ көркем еңбек мамандарын даярлаудағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері бойынша бағалы ұсыныстар жасалды.

4.Онлайн форматында өткен бұл «қысқы мектеп» жаңашылдық сипаты мол педагогка ғылымындағы инновациялық іс-шараның  бір түрі ретінде өзінің өміршең болатындығын көрсетті. Алдағы уақытта бұл істі жалғастыру -Қазақстандағы  көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін даярлау  ісінің дамына ерекше үлес болып қосылады деп ойлаймын.

5.Бұл кешкі мектептің ерекшелігінің өзі  тақырыбының кәсіби білімге, кәсіби мамандар даярлаудың заманауи мәселелерін шешуге, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға, дамытуға бағытталуында болды.

6.Бұл іс- шараның прогрессивтік, жанашылдық, тәжірибелік сипатының болуына байланысты  алдағы уақытта дәстүрге айналдыру бағытында жалғастыруды қажет етеді.Бұл іс Қазақстандағы көркемдік білім беру ісін жоғары сатыға көтеретін бірден бір қозғаушы күш болады деп сенемін.

7.Қазақстан, Ресеймен, Қытай, Өзбекстан, Қарақалпақстан т.б. шет елдер көлеміндегі қатысушылардың баяндамалары баяндамашылар қатысқанауқымды  халықаралық педагогикалық іс-шара болып табылатын кешкі мектепті ұйымдастырған М.Әуезов университетінің ректоры Қожамжарова Дария ханымға, Мәдениет және өнер факультетінің деканы, п.ғ.д., профессор М.Тәңірбергеновке, кешкі мектептің бас медераторы п.ғ.д., профессор С. Жолдасбековаға  және барлық ұйымдастырушыларға,  қысқы мектепке қатысушылар атынан және өз атымнан шынайы ризашылық пен алғысымызды білдіреміз.

 

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Спорт және өнер факультеті, Бейнелеу өнері кафедрасының профессоры, п.ғ.д.,ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі                                  

 

Ералин Қуандық Ералыұлы

+Image
+Image

Кунжигитова Г.Б «Көктемгі АРТ кеңестігі» атты  фотосуреттер,суреттер ,ашық хаттар, қолөнер, костюмдер,оригами, презентациялар т.б  халықаралық шығармашылық онлайн байқауына қатысқаны үшін марапатталады.

+Image

Кунжигитова Г.Б за развитие у участников познавательных учебных навыков, за подготовку победителей международной предметной Онлайн олимпияда для школьников, студентов «ЗНАТОКИ 2022»

+Image

Аға оқытушы Ибраимова П.Т. М.Әуезов атындағы ОҚУ, Басқарма төрағасы ректор  Қожамжарова  Д.П.,  Құрмет граматасы «25-қазан Республика күні»  қарсаңында, еліміздің Рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстары мен қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

This image for Image Layouts addon
Кунжигитова Г.Б Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.ҚР белгілі қылқалам шебері,ҚР суретшілер одағының мү шесі Т.М  Қожағұловтың 60 жылдық мерейтойына байланысты  «Көркем білім берудегі арт аренаның коллаборациясы» атты халықаралық онлайн ғылыми- практикалық конференциясында ғылыми мақаласымен қатысқаны үшін сертификатпен марапатталады.
This image for Image Layouts addon
Аға оқытушы Ибраимова П.Т Алғыс хат, «Алғыс саған Алтын күз» ІІ Республикалық шығармашылық фестиваль – конкурсына жоғары дәрежеде өтуіне айрықша үлес қосқаны үшін. Алматы 14 қазан,2022
This image for Image Layouts addon
Аға оқытушы Ибраимова П.Т Сертификат, «Инклюзивті қоғам, іргелі негіздер ,мәселелер және шешімдер» семинар тренинг. 21 қыркүйек, 2022 жыл
This image for Image Layouts addon
Аға оқытушы Ибраимова П.Т «Алғыс саған,Алтын күз» ІІ Респупликалық шығармашылық фестиваль – кокурсына қолдау білдіріп, бойында өнері бар, білімге құщтар жас таланттардың жұлдызын жағып үлкен өнерге сәтті қадам жасауына жағдай жасап, шығармашылық шыңына жетелеп жүрген жетекші «ШЫҒАРМАШЫЛ ПЕДАГОГ» дипломымен марапатталады. Алматы 14 қазан,2022
This image for Image Layouts addon
МС-20-5 тобының студенті Керімбай И Шымкент қаласының әкімдігінің  «Үздік жастар-2022» премиясы байқауының «Ұздік жас суретші» номинациясымен мараптталады

2021-2022 оқу жылының кафедра жетістіктері

This image for Image Layouts addon
Кунжигитова Г.Б Oazsag Media Group ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық «Лидер педагог 2021» байқауының тест нәтижесі бойынша 2- дәрежелі педагог ретінде дипломмен марапатталады
This image for Image Layouts addon
Кунжигитова Г.Б Oazsag Media Group ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық «Лидер педагог 2021» байқауының тест нәтижесі бойынша 2- дәрежелі педагог ретінде дипломмен марапатталады
This image for Image Layouts addon
Кунжигитова Г.Б Ы.Алтынсаринның 180 жылдығына арналған Республикалық «Лидер- Педагог 2021» байқауына белсене қатысқаны үшін Сертификатпен марапатталады.
This image for Image Layouts addon
Аға оқытушы Ибраимова П.Т ҚР Тәуелсіздіктің  30 жылдығымен университетіміздің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорының Алғыс хатымен марапатталды.
This image for Image Layouts addon
Аға оқытушы Ибраимова П.Т «Қызғалдақ көктем» атты көрмеге белсене қатысқаны үшін факультет деканының алғыс хатымен марапатталды
This image for Image Layouts addon
Аға оқытушы Ибраимова П.Т «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» орай «Қазан-2021» атты студенттер араасында өткен байқауда жоғары денгейде  өнер көрсеткені үшін, факультет деканының алғыс хатымен марапатталды
This image for Image Layouts addon
Аға оқытушы Ибраимова П.Т Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Жасталант -2022» ат салысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
This image for Image Layouts addon
Кафедра  профессоры п.ғ.докторы Жолдасбекова С.А Қ.Р жоғарғы оқу орындары жаратылыстану,техникалық, әлеуметтік гуманитарлық және  экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық байқауында М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенті Б.Керімхан 1-дәрежелі,орын алғаны үшін марапатталады.
This image for Image Layouts addon
Кафедра аға оқытушысы Кунжигитова Г.Б. Елбасы Н.Назарбаевтың Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру атты байқауға қатысқаны  ұшін 1 -дәрежелі Дипломмен марапатталады.
This image for Image Layouts addon
This image for Image Layouts addon

Twitter
Twitter
Facebook


Whatsapp
share with Whatsapp
Telegram
share with Telegram
powered by social2s