Басып шығару

Бейнелеу өнері және дизайн

Болысбаев Даулетхан Сейтмаханович

Байланыс үшін мәлімет: №8 ғимарат 402 кабинет,

Байланыс сымтетігі: 8 (7252) 36-71-90

E-mail: daulet.bolysbaev.74Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Кафедра меңгерушісі, филос.ғ.к. доцент, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі
Профессор оқытушылар құрамы
Кафедра тарихы

«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының қалыптасу және даму тарихы.

1969 жылдан бастап Шымкент педагогикалық институтында жалпы білім беретін орта мектептерге арнап «Бейнелеу өнері және сызу» пәні мұғалімдерін дайындау қолға алына бастады. Физика математика факультеті жанынан құрылған «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасын аға оқытушы Е.М. Кан басқарды. Алғашқы оқытушылар қатарына Л.П. Павловский, Л.Ф. Жиляковалар болды.

Кафедраның қалыптасып дамуы барысында Одақ, Республика көлеміндегі белгілі көркем-өнер оқу орындарынан білікті мамандар шақырыла бастады. Олардың қатарында Скородин Ю.И., Почукаева З.В., Ломакин Ю.И., Халмуратов Ж.И., Тастемиров Қ.Т., Савостина Л.М.  т.б. болды. Сонымен қатар кафедранның алғашқы түлектері Ералин Қ.Е., Загоденко Ю.И., Никонов Г.В., сияқты оқытушылар қызметке қалдырылды.

Студенттер құрамының артуына байланысты үш кафедрадан тұратын «Көркем, сурет және графика» факультеті болып қайта құрылды. Факультетті аға оқытушы Кәдеев И.У. басқарды. Педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар  педагогика ғылымдарының кандидаттары: Павловский А.Л.,  Айдосов Ә.,  т.б. Суретшілерінің Одағының мүшелері көптеген халықаралық  жеке Республикалық көрмелерге қатысып келеді.

Кафедра 1993 жылы «Дене тәрбие және спорт» институтының, кейіннен қайта құру барысында Оңтүстік Қазақстан гуманитарлы институттың құрамында, қазіргі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Педагогикалық мәдениет және өнер институтына құрамына кіреді.

1996 жылы ЖОО-ның құрылымдық өзгерулеріне байланысты М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның жаратылыстану-педагогика факультеті құрамында «Сурет және кескіндеме» кафедрасы болып құрылып, бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімдері осы аталған оқу орнында дайындала бастады. Кафедраны алғашқы жылдары п.ғ.к., доцент Павловский А.Л. басқарды. 1999 жылдан 2004 жылдарға дейін п.ғ.д., профессор Ералин Қ.Е., 2004 жылдан п.ғ.к., доцент Бейсенбаев С.Қ. кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

29.09.05 жылы бекітілген № 880-Л ректордың бұйрығы бойынша «Сурет және кескіндеме» кафедрасы «Кескіндеме және дизайн» және «Бейнелеу өнері және сызу» кафедраларына бөлінген. «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасында  050107 «Бейнелеу өнері және сызу», бакалавриат  мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай оқу түрлері негізінде, 6N0107 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша магистратураға мамандар даярлайды.

2005 жылдан бері «Дизайн және сәндік өнер» кафедрасы үш мамандық бойынша кадрлар дайындайды: 5В042100 – «Дизайн, 5В041700- Сәндік өнер бакалаврларын, сонымен қатар 6M042100 – Дизайн, 6M041400 – Графика  мамандықтары бойынша магистрлерді дайындайды. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.д., доцент С.К.Бейсенбаев, п.ғ.д., доцент  Тәңірбергенов М. Ж  п.ғ.к. М.Ж.Джакипбекова, п.ғ.к. Т.С.Буркитбаев, п.ғ.к. Қ.А.Жолдасбекова, филос.ғ.к. доцент, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі Болысбаев Д.С қызмет атқарды.

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы мен «Дизайн және сәндік өнер» кафедрасы бірігіп, «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы болып аталды.

Кафедра барлық талаптарға сай жауап беретін жақсы жабдықталған оқу аудиторияларымен, тігін және зергер шеберханалар және заманауи үлгідегі бағдарламалармен жабдықталған компьютерлер қамтамасыз етілген және мол натура қоры бар.

Кафедра оқытушылары мен студенттері тұрақты түрде көрмелерге қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап отырады. Кафедра жанында «Жетіасар» көркемсурет галереясы жұмыс істейді.

Қазіргі таңда кафедрада 29 оқытушы ғылыми-ағарту, тәрбие жұмыстарымен айналысады. Олардың ішінде, 2-педагогика ғылымдарының докторы, 1-профессор, 5-педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, 1-ҚР Мәдениет қайраткері, 3- ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, 10-ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, 12- магистрі, 17-аға оқытушы және 7оқытушылар қызмет етеді.

Кафедрадағы ғылыми бағыт бойынша профессор – оқытушылар құрамы /ПОҚ/ ғылыми – практикалық және әдістемелік конференцияларға тұрақты қатысып келеді.

Кафедра өз жұмысын жақсарту мақсатында Республикамызбен Ресей, Өзбекстанның алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының көркем графика факультеттерімен байланысын арттырып, тығыз бірлестікте жұмыс істеуде.

Білім беру бағдарламасы «Дизайн» іске асыру университетінің миссиясына сәйкес жүзеге асырылады және іргелі білімі бар жаңа формацияның бәсекеге қабілетті мамандарды, инновациялық тәсілдерді, дизайн, бейнелеу өнері, сәндік өнер және кесіндеме саласында, ғылыми, оқу, кәсіптік және тәжірибелік іс-әрекеті үшін ғылыми-зерттеу дағдыларын дайындау.  

Кафедра келесі білім беру бағдарламасы бойынша  мамандар дайындайды:

 6В02170 - Сән дизайны білім беру бағдарламасының сипаттамасы

«Сән дизайны» бағдарламасы – дизайнерлік қабілеті жоғары, эстетикалық талғамы қалыптасқан мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламасы. Бұл бағдарлама студенттерге сән индустриясының әртүрлі аспектілері бойынша терең білім мен практикалық дағдыларды ұсынады.

Бағдарламаның мақсаты:

Студенттерді сән дизайнының негізгі принциптерімен, технологиялық процестерімен, материалдармен, стильдермен және дизайн саласындағы соңғы трендтермен таныстыру.

Қызмет аумағы:

- **Күнделікті және арнайы киімдердің үлгісін дайындау**: Студенттер киімнің нақты мақсаттарына сәйкес үлгілерді жобалауда теориялық және практикалық дағдыларды меңгереді.

- **Тігін бұйымдарының топтық түрлері**: Топтық жобалау мен тігін өндірісі бойынша білім алады.

- **Аксессуарлар жасайды**: Сән аксессуарларын жобалау және жасау дағдыларын үйренеді.

- **Тоқыма бұйымдарын дайындау**: Тоқыма өнеркәсібінде жұмыс істеу қабілетін дамытады.

- **Сахна костюмдерін жобалау**: Театр мен кино саласындағы костюм дизайны бойынша мамандану.

- **Шығармашылық жұмыстармен шұғылдану**: Дизайнерлік шеберлікті арттыруға арналған шығармашылық жобалармен айналысу.

- **Көркемсурет және өнер мектептерінде, жоғары, арнаулы оқу орындарында оқытушы**: Білім беру мекемелерінде дизайнерлік курстарды жүргізу.

- **Сән салондарында, тігін шеберханасында арнайы киім дизайнері**: Сән өндірісіндегі кәсіби тәжірибені алу.

- **Сән салондарында тігінші**: Тігін өндірісінің негіздерін меңгеру.

- **Мектептен тыс мекемелерде эстетикалық циклдағы үйірмелердің жетекшісі**: Эстетикалық білім беруді насихаттау.

Сән дизайн саласындағы жетістіктер

Ағымдағы 2023 жылы «Сән дизайны» бағдарламасының ағылшын тобы белсенді түрде халықаралық конкурстарға қатысып келеді. Студенттер жүлделі орындарға ие болып, өздерінің шығармашылық әлеуетін көрсетуде. Бұл жетістіктер, студенттердің өнер мен дизайн саласындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беріп, оқытушылармен бірлескен жұмыстың нәтижесінде жүзеге асуда.

Халықаралық деңгейде танымалдыққа ие болу, студенттердің зерттеу, тәжірибелік дағдыларын дамыту және шығармашылық бағытта кәсіби практикаларын жүзеге асыру үшін зор мүмкіндіктер беруде. Бұл бағдарлама одан әрі дағдыларын жетілдіріп, сән индустриясының белсенді қатысушылары болуға ынталандырады.

Студенттермен өткізілетін іс-шаралар, мастер-класстар және көрмелер арқылы «Сән дизайны» бағдарламасының көрнектілігі артып, әлемдік сән трендтерін түсінуге мүмкіндік туындайды.

 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІ АҚШ-ТА БОСТОН ҚАЛАСЫНДА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы қазақтың ұлттық киімдеріне арналған ерекше жобасын АҚШ-тың Бостон қаласында сәтті ұсынды!

Бұл жобада киімдер дәстүр мен заманауи стильдің үйлесімін керемет түрде көрсете білді. Киімдердің дизайнында қолданылған кестелер, ою-өрнектер және табиғи маталар – барлығы қазақ мәдениетінің тереңдігін, байлығын және сұлулығын көрсетуге бағытталған.

Керемет көрініс қазақтың ұлттық киімі шетелдік көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Бостон қаласының мәдени қауымдастығы туралы ақпаратқа негізделген қызығушылықтар, сондай-ақ қолөнерінің терең мағынасы мен кестелеу өнерінің ерекшеліктері, ұлттық нақыштағы киімдердің тартымдылығы мен мәні туралы көрермендер үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
КАФЕДРАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

 6В02170 - Сән дизайны білім беру бағдарламасының сипаттамасы

«Сән дизайны» бағдарламасы – дизайнерлік қабілеті жоғары, эстетикалық талғамы қалыптасқан мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламасы. Бұл бағдарлама студенттерге сән индустриясының әртүрлі аспектілері бойынша терең білім мен практикалық дағдыларды ұсынады.

Бағдарламаның мақсаты:

Студенттерді сән дизайнының негізгі принциптерімен, технологиялық процестерімен, материалдармен, стильдермен және дизайн саласындағы соңғы трендтермен таныстыру.

Қызмет аумағы:

- **Күнделікті және арнайы киімдердің үлгісін дайындау**: Студенттер киімнің нақты мақсаттарына сәйкес үлгілерді жобалауда теориялық және практикалық дағдыларды меңгереді.

- **Тігін бұйымдарының топтық түрлері**: Топтық жобалау мен тігін өндірісі бойынша білім алады.

- **Аксессуарлар жасайды**: Сән аксессуарларын жобалау және жасау дағдыларын үйренеді.

- **Тоқыма бұйымдарын дайындау**: Тоқыма өнеркәсібінде жұмыс істеу қабілетін дамытады.

- **Сахна костюмдерін жобалау**: Театр мен кино саласындағы костюм дизайны бойынша мамандану.

- **Шығармашылық жұмыстармен шұғылдану**: Дизайнерлік шеберлікті арттыруға арналған шығармашылық жобалармен айналысу.

- **Көркемсурет және өнер мектептерінде, жоғары, арнаулы оқу орындарында оқытушы**: Білім беру мекемелерінде дизайнерлік курстарды жүргізу.

- **Сән салондарында, тігін шеберханасында арнайы киім дизайнері**: Сән өндірісіндегі кәсіби тәжірибені алу.

- **Сән салондарында тігінші**: Тігін өндірісінің негіздерін меңгеру.

- **Мектептен тыс мекемелерде эстетикалық циклдағы үйірмелердің жетекшісі**: Эстетикалық білім беруді насихаттау.

Сән дизайн саласындағы жетістіктер

Ағымдағы 2023 жылы «Сән дизайны» бағдарламасының ағылшын тобы белсенді түрде халықаралық конкурстарға қатысып келеді. Студенттер жүлделі орындарға ие болып, өздерінің шығармашылық әлеуетін көрсетуде. Бұл жетістіктер, студенттердің өнер мен дизайн саласындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беріп, оқытушылармен бірлескен жұмыстың нәтижесінде жүзеге асуда.

Халықаралық деңгейде танымалдыққа ие болу, студенттердің зерттеу, тәжірибелік дағдыларын дамыту және шығармашылық бағытта кәсіби практикаларын жүзеге асыру үшін зор мүмкіндіктер беруде. Бұл бағдарлама одан әрі дағдыларын жетілдіріп, сән индустриясының белсенді қатысушылары болуға ынталандырады.

Студенттермен өткізілетін іс-шаралар, мастер-класстар және көрмелер арқылы «Сән дизайны» бағдарламасының көрнектілігі артып, әлемдік сән трендтерін түсінуге мүмкіндік туындайды.

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІ АҚШ-ТА БОСТОН ҚАЛАСЫНДА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы қазақтың ұлттық киімдеріне арналған ерекше жобасын АҚШ-тың Бостон қаласында сәтті ұсынды!

Бұл жобада киімдер дәстүр мен заманауи стильдің үйлесімін керемет түрде көрсете білді. Киімдердің дизайнында қолданылған кестелер, ою-өрнектер және табиғи маталар – барлығы қазақ мәдениетінің тереңдігін, байлығын және сұлулығын көрсетуге бағытталған.

Керемет көрініс қазақтың ұлттық киімі шетелдік көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Бостон қаласының мәдени қауымдастығы туралы ақпаратқа негізделген қызығушылықтар, сондай-ақ қолөнерінің терең мағынасы мен кестелеу өнерінің ерекшеліктері, ұлттық нақыштағы киімдердің тартымдылығы мен мәні туралы көрермендер үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image

Бостондағы халықаралық конференция: жаңа білім, жаңа мүмкіндіктер!

Бостонда өткен халықаралық Global Business Symposium конференциясына Мұратбаева Ғазиза және Нұридин Сымбат қатысып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар мен мамандармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Бұл іс-шара жаңа білімнің, ғылыми ізденістің және кәсіби сән дизайн мамандығының дамуының маңызды кезеңі болды.

Конференция мен байқау барысында не үйрендік?
– Қазақтың заманауи сән дизайны, білім беру әдістері мен жаңа технологиялар туралы тың ақпарат алынды.
– Халықаралық әріптестермен байланыс орнатып, ортақ жобаларға негіз қаланды.
– Қазақстандық жас оқытушылар ғылым мен білімді, қазақ мәдениетін әлемге танытуға мүмкіндік алды.
– Іс-шара аясында ғылыми баяндамалармен қатар, жобалар таныстырылып, үздіктер марапатталды.

Бұл сапардың жүзеге асуына қолдау көрсеткен университет басшылығына және жеке Басқарма мүшесі, қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректор Бейсенбаев Садыбек Калмаханұлына зор алғысымызды білдіреміз!

Оқытушылар алған білімін зерттеулерінде қолданып, өз саласының дамуына үлес қосуға асығады. Сонымен қатар, студенттермен білім алмасып, тәжірибесімен бөлісуді мақсат етеді.

Ағылшын тілін меңгерген, шығармашыл әрі белсенді студенттер үшін осындай халықаралық конференцияларға, байқаулар мен іс-шараларға қатысу мүмкіндігі бар екенін ерекше атап өткіміз келеді. Білім мен тілді қатар меңгерген жастарға әлемдік деңгейде танылуға барлық мүмкіндік бар!

Image

ҰЛТТЫҚ РУХ ПЕН ЗАМАНАУИ СӘН ЖАРАСЫМЫ: «ЖІБЕК ЖОЛЫ АЙШЫҚТАРЫ» 2024
«Концерттік-көрме орталығының» ұйымдастыруымен өткен «Жібек жолы айшықтары» ұлттық киім дизайнерлерінің байқауы қалада мәдениет пен өнерді ұштастырған маңызды шаралардың біріне айналды. Бұл шараның басты мақсаты – ұлттық мұрамызды заманауи сәнмен үйлестіре отырып, қазақ халқының бай мәдениеті мен рухани құндылықтарын дәріптеу. Байқауда дизайнерлер қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын жаңғыртқан бірегей туындыларын ұсынды. Олардың жұмыстары қазақи нақыштағы заманауи сән үлгілерін жасап, ұлттық киімді сән әлемінің ажырамас бөлігіне айналдыруды көздейді.

Қазылар алқасының құрамында сән индустриясының тәжірибелі мамандары мен мәдениет қайраткерлері болды. Олар туындыларды мазмұнының тереңдігі, техникалық орындалуы және ұлттық ерекшеліктердің сақталуы бойынша бағалады.

Байқау үш номинация бойынша өтті:
• «Ең үздік балалар мен жасөспірімдер киім үлгісі»
• «Ең үздік күнделікті және жұмыс киімі»
• «Ең үздік жас жұбайларға арналған киім үлгісі»

Бас жүлдені жас дизайнер Мұхтар Жанерке жеңіп алды. Оның «Арал теңізі» топтамасы көпшіліктің ықыласына бөленді.
Жетекшісі: аға оқытушы Абуова Мейрамгүл
Жүлделі І орынды “Жаңа Толқын “ топтамасы иеленді. Бірлескен авторлар аға оқытушы Кенжебаева Айнұр және Нәлібек Ақбикеш иеленді.?

Image
6В02171 - Орта дизайны білім беру бағдарламасының сипаттамасы

6В02171 - Орта дизайны білім беру бағдарламасының сипаттамасы

«Орта дизайны» білім беру бағдарламасы – дизайнерлік қабілеті жоғары, эстетикалық талғамы қалыптасқан мамандарды дайындауға арналған бағдарлама. Бұл бағдарламаның түлектері орташа кеңістіктерді жобалау, безендіру және функционалдық дизайнымен байланысты әртүрлі қызметтерді атқаруға дайындалады.

Бағдарламаның мақсаты:

Студенттерді орта дизайнының негіздерімен, дизайн теориясымен, шығармашылық және практикалық дағдылармен, сондай-ақ психология мен педагогика саласындағы біліммен таныстыру.

 

Қызмет аумағы:

Ойын сауықтыру және спорт сарайларының ішкі көрінісін жобалаушы дизайнер: Спорттық және ойын-сауық нысандарын функционалды әрі эстетикалық түрде безендіру.

Көрмелік және сауда экспозициялары: Өнімдерді және қызметтерді қолайлы түрде көрсету үшін көрмелер мен сауда орындарының дизайнын жасау.

Жинақтау: Нысандар мен бөлімдердің жинақталуын, функционалдылығын және эстетикасын ескере отырып, жобалау.

Жеке үй және офистерді безендіру: Пайдаланушылардың қажеттіліктеріне қарай тұтынушыға сәйкес интерьер жобалауды қамтамасыз ету.

Мейрамханалар, мәдениет сарайларын безендіру: Кәсіби стандарттарға сәйкес қоғамдық тамақтану нысандары мен мәдени орталықтардың интерьерін жасау.

Орта дизайнының жетістіктері

Орта дизайны бағдарламасының студенттері өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін халықаралық және республикалық деңгейде танымал конкурстарда көрсете алды.

 

Конкурстардағы жетістіктер: Студенттер әртүрлі дизайн байқауларында жүлделі орындар мен марапаттарға ие болды. Олардың жобалары көрнекті бағаланып, кәсіби қауымдастықтың мойындауына ие болды.

 

Тәжірибелік жобалар: Студенттер белгілі бір жобаларды жүзеге асыра отырып, нақты өмірде тәжірибе жинақтау қабілетін арттырды. Жобалардың іске асырылуы арқылы рынокта сұранысқа сәйкес жасалған жұмыстарды көрсетті.

 

Халықаралық байланыстар: Бағдарлама аясында шетелдік оқу орындарымен және дизайн студияларымен байланыс орнатып, студенттерге алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен жаңа бағыттарды зерттеуге мүмкіндік берді.

 

Орта дизайны білім беру бағдарламасы жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және заманауи дизайн әлемінде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды даярлауға бағытталған. Біздің түлектеріміз қоғамда маңызды рөл атқарып, дизайн саласындағы жаңа трендтер мен инновацияларға үлес қосуда.

 

Image
6В02160 – Сәндік өнер Білім беру бағдарламасының сипаттамасы:

6В02160 – Сәндік өнер Білім беру бағдарламасының сипаттамасы:

Бұл білім беру бағдарламасы сәндік-қолданбалы өнер саласында кәсіби мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама студенттерге дәстүрлі және заманауи материалдармен жұмыс жасау, көркем бұйымдарды әзірлеу, сондай-ақ шығармашылық жобаларды жүзеге асыру қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Қызмет аумағы:
Бакалаврдың кәсіби қызметінің объектілеріне келесідей орындар жатады:

  • Көркем бұйымдар әзірлейтін өндіріс орындары (зергерлік цехтар, сәндік бұйымдар шеберханалары);
  • Шығармашылық шеберханалар мен студиялар;
  • Көркемсурет колледждері мен жалпы білім беру мектептері;
  • Агенттіктер мен фирмаларда дизайнерлік қызмет көрсету саласы.

Мамандық бойынша атқаратын лауазымдар:

  • Қымбат бағалы металдар мен тастарды көркемдеуші зергер – әшекейлерді жобалау және өңдеу бойынша маман;
  • Көркем қолөнер бұйымдарын дайындаушы шебер – ағаш, керамика, киіз, металдан бұйымдар жасау шебері;
  • Шығармашылық студия немесе шеберхана жетекшісі – авторлық жобаларды басқару, оқыту және ұйымдастыру қызметін атқарады;
  • Дизайнер – сәндік элементтерді, интерьерлік шешімдерді, жарнама және брендинг бағытында жұмыс істейтін маман;
  • Мұғалім – көркемсурет колледждерінде, мектептерде сәндік-қолданбалы өнер пәнінен сабақ беретін педагог.

Бағдарламаның мақсаты:
Сәндік өнер саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды үйлестіре отырып, бәсекеге қабілетті, шығармашылық ойлауы дамыған, мәдениет пен өнерге бейімделген кәсіби маман дайындау.

XVII Республикалық пәндік олимпиададағы жетістіктер

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өткен XVII Республикалық пәндік олимпиадада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетті.

“Сәндік өнер” білім беру бағдарламасы бойынша жүлдегерлер:

  • Төлегенова Дариға — «Көркем тоқыма» бағыты, III орын
  • Амираліева Ақжан — «Зергерлік ісі» бағыты, III орын
  • Сайлаубай Нұрай — «Ағашты көркемдеп өңдеу» бағыты, II орын

Бұл нәтижелер — студенттердің шығармашылық ізденісі мен кәсіби шеберлігінің, ал жетекшілерінің бағыт-бағдарының нәтижесі.

Олимпиада барысында “Жобалау” пәні бойынша көрсетілген жұмыстар болашақ дизайнерлердің тың идеяларға, сапалы орындауға және өнерге деген ұмтылысын айқын көрсетті.

Барлық студенттерімізді және жетекшілерін осы жетістіктерімен құттықтаймыз. Университетіміз сіздердің табыстарыңызбен мақтанады.

Жетекші: аға оқытушы Жолдасбекова Г.

Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
6В02140 – Кескіндеме

6В02140 – Кескіндеме

Білім беру бағдарламасының сипаттамасы:

Бұл білім беру бағдарламасы болашақ кәсіби кескіндемешілерді даярлауға бағытталған. Бағдарлама студенттерге көркемдік ойлау мен бейнелеу қабілетін дамытуға, түрлі кескіндеме техникасын меңгеруге, сондай-ақ заманауи өнердің бағыттары мен үрдістерін түсінуге мүмкіндік береді.

Қызмет аумағы:
Бакалавр дәрежесін алған маман келесі салаларда қызмет атқара алады:

  • Шығармашылық кескіндемеші ретінде – жеке немесе тапсырыспен көркем туындылар жасайды;
  • Көркемсурет студияларында, галереяларда, музейлерде шығармашылықпен айналысады;
  • Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі ретінде мектептер мен колледждерде сабақ береді;
  • Көркемдік жобалар мен көрмелер ұйымдастырушы ретінде мәдениет саласында жұмыс істейді;
  • Иллюстратор, концепт-художник, фриланс-суретші ретінде медиа және дизайн салаларында да қызмет етуі мүмкін.

Мамандық бойынша негізгі лауазымы:

  • Шығармашылық кескіндемеші – кескіндеме жанрларында (пейзаж, портрет, натюрморт, абстракция және т.б.) дербес немесе тапсырыс бойынша туындылар жасайтын кәсіби суретші.

Бағдарламаның мақсаты:
Кескіндеме саласында жан-жақты білім беріп, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, көркемдік техника мен композицияны меңгерту арқылы заманауи өнер кеңістігінде жұмыс істеуге бейімделген, талантты мамандар даярлау.

«Түркістан рухы» көрмесі

27 ақпан 2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай М. Әуезов университетінде «80 күн – 80 игі іс» жобасы аясында «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серікбай Құлышұлы Жорабековтың жеке шығармашылық көрмесі өтті.
«Түркістан рухы» атты бұл көрме өнер сүйер қауымды Түркістан өңірінің мәдениеті мен рухани мұрасына терең бойлатты. Автордың ерекше туындылары қазақ халқының тарихы мен ұлттық құндылықтарын бейнелеп, көрермендерге шабыт сыйлады.

Сәуірдің 11-17 аралығында Түркістан қаласында облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мәдениет басқармасы және Бейнелеу өнері музейінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістанның ерекше мәртебесіне орай «TURKISTAN STYLE» халықаралық суретшілер симпозиумы өтуде.

Симпозиумның төртінші күні студиялық шығармашылық жұмыстармен жалғасты. Қатысушы суретшілер түрлі жанрда кескіндемелік туындылар жазып, симпозиум аясындағы көрмеге белсенді дайындық жүргізді.

Аталған халықаралық іс-шараға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің “Бейнелеу өнері және дизайн” кафедрасының профессор-оқытушылары — Жорабеков Серікбай, Айдосов Ануарбек және Аблаев Алимжан қатысып, университетіміздің шығармашылық әлеуетін жоғары деңгейде таныстырып келеді.

Симпозиум аясында жазылған туындылар 16 сәуір күні Түркістан қаласындағы «Конгресс-холл» кешенінде өтетін қорытынды көрмеде көпшілік назарына ұсынылады.

Image
Image
Image
6В02150 – Графика

6В02150 – Графика

Білім беру бағдарламасының сипаттамасы:

Бұл бағдарлама графикалық өнер саласында кәсіби мамандар даярлауға бағытталған. Студенттер бейнелеу өнерінің графика саласындағы дәстүрлі және заманауи әдістерін меңгереді. Бағдарлама көркемдік ойлауды, композициялық шешім қабылдау қабілетін дамытып, шығармашылық және техникалық дағдыларды ұштайды.

Қызмет аумағы: Бакалавр маманы келесі бағыттарда жұмыс істей алады:

  • Шығармашылық график-суретші ретінде (станоктық және кітап графикасы, иллюстрация, офорт, линогравюра, литография, монотипия және т.б.);
  • Көркемсурет студиялары мен шығармашылық шеберханаларда;
  • Баспа және жарнама агенттіктерінде;
  • Мектептер мен колледждерде бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі ретінде;
  • Көрмелер мен иллюстрациялық жобалар ұйымдастырушы ретінде мәдениет және медиа саласында;
  • Кітап безендіруші, плакат дизайнері, иллюстратор ретінде жұмыс істей алады.

Мамандық бойынша атқаратын лауазымдар:

  • График-суретші – графикалық бейнелеу құралдарын пайдалана отырып, түрлі туындыларды жасайтын шығармашылық маман;
  • Иллюстратор – кітаптар, журналдар, плакаттар, электронды басылымдар үшін суреттер мен бейнелерді әзірлеуші;
  • Дизайнер-график – типография және цифрлық медиа салаларында жұмыс істейтін маман.

Бағдарламаның мақсаты:
Студенттерді графика саласында көркемдік және технологиялық тәсілдерді еркін меңгерген, креативті ойлай алатын, кәсіби деңгейде шығармашылық өнім жасайтын маман ретінде қалыптастыру.

Image
Image
Image

«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының оқытушылары Бурибеков О.С. пен Сайнанов Б.А. 8D03102- Мәдениеттану білім беру бағдарламасы бойынша докторантураның шетелдік тағылымдамасынан 10.05.2024–10.06.2024 аралығында Түркия Республикасы, Анкара қаласындағы Хажеттепе университетінде өтті. Тағылымдама барысында Президенттік ұлттық кітапхана қорында сақталған ғылыми кітап қорымен жұмыс жасалып, PhD, профессор Шырын Иылмаздың дәрістері тыңдалды. Бұдан бөлек Акдениз және Анкара университеті профессорларымен пікір алмасып, Анкара қаласындағы ТҮРКСОЙ (Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы) қаржылық бөлімінің басшысы Санжар Муләзімоғлымен кездесулер болды. Кездесу барысында түркі елдері арасында ғылым мен мәдениетті  дамытудағы ортақ жобалар талқыланды.

Image
Image
Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедра  оқытушылары  кафедрада  дайындалатын білім беру  бағдарламаларын  оқу-әдістемелік  материалдармен  қамтамасыз  ету  бойынша   белсенді  жұмыстар  жүргізеді. Кафедра  оқытушылары  дайындаған    оқу-әдістемелік  әдебиеттер   

Болысбаев Д.С. Декоративтік кескіндеме. 2019, Болысбаев Д.С., Сайнанов Б.Тақырыптық  кескіндеме. 2019. Болысбаев Д.С., Ибраимова П.Т. Станоктік кескіндеме. ОҚМУ баспаханасы.  Шымкент 2019, Төребаев Б. П. Түстану. Оқу құралы.  ОҚМУ баспаханасы.  Шымкент 2020 г.

 Кунжигитов Г.Б. Монография. Conseptualanalisisos the fise arts of independeniKazakhstanin the light of its etnic identity.  2021,  Ағәділова Ж. М., Күнжігітова Г. Б.,  Айдосов А. Основы дизайна. Оқулық.   «Эверо», Алматы 2020, Болысбаев Д. С., Джартыбаева Ж.Д. «Мүсін өнері»  Шымкент, ОҚУ баспаханасы 2021, Сайнанов Б,А. «Академиялык сурет». Шымкент, ОҚУ баспаханасы 2020, Дайрабаева Г.И. «Материалтану – 1». Шымкент, ОҚУ баспаханасы 2020, Сарсен А.Д. «Проектирование тематических парков». Шымкент, ОҚУ баспаханасы 2020 ж, Миронова Т.Г., Жолдасбекова К.А.   «Дизайн среды» по дисциплине «Проектирование средовых объектов – 1,2».  Шымкент, ОҚУ баспаханасы 2021, Оспанов Д.М. «Дизайн среды» по дисциплине «Типология графического дизайна».Шымкент, ОҚУ баспаханасы 2020, Ибрагимова Л.Т. «Кәсіби дизайнның элементтері мен үрдістері».Шымкент, ОҚУ баспаханасы 2020, Әбуова М.А. «Имидж и стиль». Шымкент, ОҚУ баспаханасы 2020,  Бурибеков О.С. Шымкент, ОҚУ баспаханасы 2020.

Академиялық ұтқырлық
INSTAGRAM
INSTAGRAM
Студенттік өмір

Университетте білім алатын студенттер оқу барысында тек практикалық және шығармашылық дағдыларды ғана емес, сонымен қатар ғылыми-зерттеу қабілеттерін де дамытады. Олар жыл сайын өткізілетін студенттік ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады. Бұл конференциялар аясында студенттер өздерінің пәндік, шығармашылық немесе жобалық зерттеулерінің нәтижелерін көпшілік алдында қорғап, баяндамалар жасайды.

Сонымен қатар, студенттер:

  • Республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларда өз білімдерін сынап, жүлделі орындарға ие болуда;
  • СҒЗЖ (студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары) байқауларына қатысып, ғылыми жобаларын ұсынып, шығармашылық және академиялық ізденістерімен ерекшеленуде;
  • Зерттеу нәтижелерін ғылыми журналдарда, жинақтарда және университеттің басылымдарында жариялауға мүмкіндік алады.

Бұл жұмыстар студенттердің ғылыми ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, олардың болашақ кәсіби жолына да үлкен серпін береді. Ғылым мен шығармашылықты ұштастыра отырып, олар өз саласының жас зерттеушісі әрі маманы ретінде қалыптасады.

Image
Image
Image
Image
Студенттердің практикадан өту барысы

6B01431 – «Визуалды  өнер, көркем  еңбек, графика  және  жобалау» -БББ бойынша: А.Асқаров ат. Шымкент мемлекеттік Дендросаябағы, № 66 Қазғұрт ЖОББМ, № 69 ЖОМ

5В041300 – Кескіндеме мамандығы және 6B02140-БББ бойынша: А.Асқаров ат. Шымкент мемлекеттік Дендросаябағы, ЖК «Алтын - Орда»,

5В042100 «Дизайн» мамандығы және 5В042100-«Сән дизайны» -БББ бойынша: А.Асқаров ат. Шымкент мемлекеттік Дендросаябағы, ИП Ширшикбаева ателье «Алия», Салон декоративных красок «ELIАNTO» ИП Романенко Д.А., ИП «Береке», Дом моды «Jаnnа Eltаnovа», «Сәукеле Fаshion», ТОО «Альянс» тігін фабрикасы

5В042100 «Дизайн» мамандығы және 6B02171 «Орта дизайны» -БББ бойынша: А.Асқаров ат. Шымкент мемлекеттік Дендросаябағы, «Альянс» жарнама агенттігі, ТОО Международная школа дизаина и программирования, «Erniаs» mediа group жарнама агенттігі, Рекламное агентство ИП Ибарева,

5В041400–«Графика» мамандығы және 6B02150 -БББ бойынша: А.Асқаров ат. Шымкент мемлекеттік Дендросаябағы, «Сақ дала» киностудиясы

5В041700-«Сәндік өнер» мамандығы және 6В02160-БББ бойынша: А.Асқаров ат. Шымкент мемлекеттік Дендросаябағы, ЖК «Алтын - Орда»

Алты мамандық және білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің барлық жұмыстары атқарылды. Әр студент өзіне берілген тапсырмаларды орындап, есептерін кафедраға өткізді. Сонымен қатар, барлық топтар базада атқарған жұмыстарының есебін толықтырып дайындады.

Практика барысында ешқандай тәртіп бұзушылық, өрт қауіпсізідгі шараларын бұзу мәселелері бойынша ескертулер болмады. Базалар тарапынан студенттерге мақтау айтылып, келешекте де практикаға келулерін сұрады.

Студенттер аталған базаларында мамандықтарына сай жұмыстар жасап, шығармашылықтарын шыңдады.

Image
Image
Image
Image
Біздің жетістіктеріміз

2023-2025 оқу жылы

  1. Санкт-Петербургте өткен 1-ші Халықаралық дизайнерлер мен суретшілер байқауында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенты Ермахан Әмина Жұмаханқызы «Театр костюмы» бағыты бойынша «Ұлы тау» топтамасымен жүлделі III орынға ие болды.
  2. «Жібек жолы айшықтары» ұлттық киім дизайнерлерінің байқауы ұлттық рух пен заманауи сәнді үйлестіре отырып, қазақ мәдениетін дәріптеп, жас дизайнерлердің шығармашылығын көрсетуге маңызды мүмкіндік берді. Бас жүлдені жас дизайнер Мұхтар Жанерке жеңіп алды. Оның «Арал теңізі» топтамасы көпшіліктің ықыласына бөленді.

Жетекшісі: аға оқытушы Абуова Мейрамгүл

Жүлделі І орынды “Жаңа Толқын “ топтамасы иеленді. Бірлескен авторлар аға оқытушы Кенжебаева Айнұр және Нәлібек Ақбикеш иеленді.

  1. «Бейнелу өнері және дизайн» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Қазан fest-2024» байқауында 200-ден астам студент күзгі жеміс-жидектер мен көкөністерді натюрморт жанрында кескіндеме өнері арқылы бейнеледі.
  2. Ташкент қаласындағы Бегзод Камалиддин атындағы ұлттық өнер және дизайн институтында ғылыми тағылымдамадан магистранттар өтті, эдвайзерлері – Мейрбекова Фатима, ал кафедра меңгерушісі – Болысбаев Д.С.
  3. МӨ 22-12к1 тобының студенттері 2023-2024 оқу жылы ішінде Түркиядағы Kultur University-universitetінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды.
  4. Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының
  5. Мө 20-13к3 тобы Домбаева Дамира
  6. Академиялық ұтқырлық бойынша Халич университетінде білім алды.
  7. 2024 жылдың 25-26 сәуір күндері Әуезов университетінде алғаш рет «Алтын өрнек» халықаралық дизайнерлер мен сәнгерлер байқауы өткізіліп, оған Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 30-дан аса сәнгер мен студент қатысып, олардың шығармашылық әлеуеті мен этномәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында өз бағаларын сынады.
  8. «Пейзаждық кескіндеме» және «Сурет» пәндерінен пленэрлік сабақ өтті, онда студенттер табиғат аясында өз шығармашылық әлеуеттерін шыңдап, табиғи көріністер мен тұтас композицияларды жасау тәжірибесін меңгерді.
  9. «Дизайн информационного пространства учебного заведения» тақырыбында курстық жұмыс барысында МО 20-12р тобы студенттері Сурет және дизайн кафедрасымен жанасатын коридор аймағын ПВХ және Оракал полимерлі пленкаларынан лазерлік ЧПУ станогында кесу арқылы безендірді.
  10. 12 наурыз 2024 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінде "Бейнелеу өнері және дизайн" кафедрасының профессор оқытушысы Алмас Халықовтың "Шұғыла" атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.
  11. 2024 жылдың 14 мамырында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының сән дизайн, орта дизайн, кескіндеме және графика мамандықтары студенттерінің семестрлік шығармашылық еңбектерінің есептік көрмесі өтті. Жетекшілері: доцент Айдосов А., аға оқытушылар Ханазарова Қ., Джартыбаева Ж., оқытушылар Жолдасова А. және Керімбай Б.
  12. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызының ғылыми-зерттеу, шығармашылық және өндірістік қызметіне арналған "Creative World" V-Халықаралық байқауында М.Әуезов атындағы сән дизайн студенттері Ермахан Әмина, Мәдібекова Балнұр, Алпамыс Данакөз, Абденова Аяжан және Абдуллаева Ұлжан І дәрежелі Дипломмен марапатталды.
  13. А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында «Көктем бояулары» атты қыз-келіншектердің шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
  14. Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының оқытушылары мен студенттері қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.
  15. Ұлттық киімді насихаттау аясында Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» телеарнасы @ontustiktv жолдаған «Ұлттық сезім» республикалық жалпыұлттық флешмобты М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан унверситеті қабылдап, оқытушылар мен студенттер қолдау білдірді.
  16. 2023 жылдың 27-28 қарашасында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдығына орай «Ғылым. Білім. Жастар» тақырыбындағы ХХVII-ші студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті, онда «Бейнелеу өнері және дизайн» секциясы студенттермен дайындалған қазіргі заманның өзекті мәселелерін қамтитын баяндамаларымен баяндалды.
  17. М.Әуезов атындағы 80 жылдық мерейтойына арналған “Мәдениет және өнер” факультеті “Бейнелеу өнері және дизайн” кафедрасының студенттердің “Қызғалдақ” қыздары сәнді- заманауи және қазақша киім үлгілерін көрсетіп, челлендж ұйымдастырды.
  18. Сәндік өнер тобының Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған семинарына қатысу сәті ерекше болды! Бұл семинар қазақтың бай мұрасы — қолөнер өнеріне арналды. Шара барысында студенттер ұлттық нақыштағы бұйымдармен танысып, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріндегі терең мағынаны сезіне білді. Семинардың жетекшісі аға оқытушы Жолдасбекова Г.
  19. М. Әуезов атындағы ОҚУ-дің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы Бостон қаласында қазақтың ұлттық киімдерін таныстырып, дәстүр мен заманауи стильдің үйлесімін көрсетті.
  20. Бостонда өткен халықаралық Global Business Symposium конференциясына Мұратбаева Ғазиза мен Нұридин Сымбат қатысып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар мен мамандармен тәжірибе алмасу арқылы ғылыми ізденіс пен кәсіби сән дизайн мамандығының дамуына ықпал етті.
  21. Сәуірдің 11-17 аралығында Түркістан қаласында облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет басқармасы және бейнелеу өнері музейінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістанның ерекше мәртебесіне орай «TURKISTAN STYLE» халықаралық суретшілер симпозиумы өтті. “Бейнелеу өнері және дизайн” кафедрасының профессор-оқытушылары — Жорабеков Серікбай, Айдосов Ануарбек және Аблаев Алимжан қатысып, университетіміздің шығармашылық әлеуетін жоғары деңгейде таныстырып келеді.
  22. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде XVII Республикалық пәндік олимпиада! 2025 жылы Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVII Республикалық пәндік олимпиада өтті.
  23. М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҚУ «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы «Орта дизайны» мамандығы МӨ-22-12к2 тобының студенттерінің «Ел болашағы жалынды жастар» тақырыбы аясында коммерциялық негізде «ШЕКТЕУСІЗ ӨНЕР» атты шығармашылық көрмесі өтті.
  24. М. Әуезов атындағы университеттің "Бейнелеу өнері және дизайн" кафедрасының сән дизайны мамандығының 3-курс студенттері Абдумуталі Еңлік пен Мұхидинова Балнұр "Ulttyk sezim" облыстық ұлттық киімдер байқауында III орынға ие болды.
  25. «Мәдениет және Өнер” факультетінің “Бейнелеу өнері және дизайн” кафедрасының М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіміздің 80 жылдық мерей тойына арнаған ұжымдық жұмысы көрсетілді.
Ғылыми өмір

    Кафедра оқытушы-профессорлар  құрамы Б-16-12-06 «Өнер саласындағы студенттерді кәсіби дайындау жүйесін модернизациялау».  мемлекеттік  бюджеттік тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Тақырып жетекшісі п.ғ.к., доцент Жолдасбекова Қ.Ә. Кафедра оқытушылары 50-ден аса оқулықтар мен оқу құралдарының,  20-дан  аса электронды оқулықтардың, 10 электрондық оқу құралы,   2 монография,  өзге  де  ғылыми-әдістемелік материалдардың авторлары.   20-дан астам   зияткерлік  меншік  құқығына  авторлық  куәлік алынған.   Кафедра  оқытушы-профессорлары  құрамының  ғылыми  мақалалары  жоғары  рейтингілі  басылымдарда, ККСОН  тіркелаген   журналдарда, РИНЦ  басылымдарында, халықаралық  және  республикалық  ғылыми-тәжірриелік  конференцияларда  жарияланады.  

Кәсіби бағдар беру

Кафедра 2024-2025 оқу жылында 6 мамандық бойынша мамандар дайындайды: 6В02170-«Сән дизайны», 6В02171-«Орта дизайны», 6В002160-«Сәнді қолданбалы өнер», 6В02140-«Кескіндеме, 6В02150-«Графика», сонымен қатар 7М02170-«Дизайн», 7М0215-«Графика», 6М02140-«Кескіндеме», 6М01430-«Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары бойынша магистратурада мамандар дайындайды. Кафедра оқу және материалдық базасына Тәжібаев көшесінде, 2 мекенжайда орналасқан №8 ғимараты.

 

Image
Image
Image
Image
Image
Image

Twitter
Twitter
Facebook


Whatsapp
share with Whatsapp
Telegram
share with Telegram
powered by social2s