Жаңалықтар

«МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ» АЯСЫНДА ӘЛІМЖАН АБЫЛАЕВТЫҢ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ ӨТТІ
Басып шығару

«МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ» АЯСЫНДА ӘЛІМЖАН АБЫЛАЕВТЫҢ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ ӨТТІ

«МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ» АЯСЫНДА ӘЛІМЖАН АБЫЛАЕВТЫҢ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ ӨТТІ

«16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де елімізге белгілі суретші, мүсінші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, «Ерен еңбегі» медальінің иегері Абылаев Әлімжан Бейсенұлының жеке көрмесі өтті. Көрмеге университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы, суретшінің шәкірттері, студенттер және өнерсүйер қауым қатысты.
Қылқалам шебері, мүсінші, суретші-дизайнер Әлімжан Абылаевтың әрбір туындысында ұлтты сүю, туған жерге тағзым, батырларымызды дәріптеу, салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау жатыр. Шебердің ұлттық болмыстан тамыр тартқан әр туындысы адамның жанына рухани азық, бойына күш-қуат сыйлап, ұлттық рухты көтеруге жетелейді.
Атап өтейік, Әлімжан Абылаевтың қолынан шыққан өнер туындыларының ішінде, мүсін саласында Қазақстанда, Түркістан облысы және Шымкент қаласында ескерткіштері көптеп бой көтерген. «Қазақ елі» эпопея-картинасы, «Қазақ ханы» (Абылай хан), «Алпамыс батыр», «Алатау батыр» ескерткіштері және «Қазақ композиторларының Құлагері» қабырға стелласы танымал туындылар.
Image
Image
Image
Image

Twitter
Twitter
Facebook


Whatsapp
share with Whatsapp
Telegram
share with Telegram
powered by social2s