Жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ «АЛТЫН ӨРНЕК» ДИЗАЙНЕРЛЕР МЕН СӘНГЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Басып шығару

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ «АЛТЫН ӨРНЕК» ДИЗАЙНЕРЛЕР МЕН СӘНГЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ «АЛТЫН ӨРНЕК» ДИЗАЙНЕРЛЕР МЕН СӘНГЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

25-26 сәуір аралығында Әуезов университетінде Мәдениет және өнер факультеті, Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының ұйымдастыруымен алғаш рет халықаралық «Алтын өрнек» атты дизайнерлер мен сәнгерлер байқауы  өтті.

Мазмұны бөлек, мәні терең байқау туралы М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма төрағасы – Ректор м.а. Қайрат Нұрманбетов: «ALTYN ORNEK» деп аталатын жас дизайнерлердің халықаралық байқауы елімізде студенттер арасында алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын атап өткім келеді. Бұл жаңашыл көзқарастағы сәнгерлердің  шығармашылық әлеуетін қалыптастыруға, жас дизайнерлердің ортасын қалыптастыруға және сән индустриясындағы халықаралық ынтымақтастық аймағын құруға септігін тигізеді.  Аты айтып тұрғындай, ең маңыздысы байқау жас ұрпақты этномәдениеттімізді насихаттау мен мәдени құндылықтарымызға құрметпен қарауға баулиды. Халықаралық сайысқа Қазақстанның Алматы, Тараз, Шымкент қаласы және Түркістан  облысынан, Өзбекстан (5 ЖОО) және Қырғызстан (2 ЖОО) университеттерінің студенттері белсенді қатысып, 30-дан аса сәнгерлер тіркелген.  Әділ қазылар құрамында елімізге танымал киім дизайнерлері бар” – деп атап өтті.

Байқауға Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздің көптеген ЖОО-нан жас талантты дизайнерлер  бақтарын сынады.
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image

Twitter
Twitter
Facebook


Whatsapp
share with Whatsapp
Telegram
share with Telegram
powered by social2s