Жаңалықтар

ҚР КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
Басып шығару

ҚР КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

ҚР КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ.

Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ҚР Конституциясы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараны университетіміздің Басқарма төрағасы - Ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы ашып, барша жиналған қауымды келіп жеткен мемлекеттік мерекемен құттықтады!

Дария Пернешқызы өз сөзінде - Еліміздің бас құжаты әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріміздің және қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ауқымды реформаларымыздың берік тұғыры болып саналады. Сондай-ақ Ата Заңымыз ұзақ мерзімді даму бағдарымызды айқындайды.

Сонымен қатар, оқу орда басшымыз Конституция азаматтық құқықтардың ажырамас және абсолютті сипатын бекітеді. Мұндай құқықтардың бірі – білім алу құқығы.
Білім алу бір мезгілде көптеген азаматтық, саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтарды жүзеге асыру тетігі ретінде де әрекет етеді. Қазіргі уақытта М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті дәл осы міндеттерді тиімді шешу бойынша жұмыстар атқаруда — деп өз сөзін қорытындылады.

Баршаңызды бүгінгі келіп жеткен мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!!

Twitter
Twitter
Facebook


Whatsapp
share with Whatsapp
Telegram
share with Telegram
powered by social2s