Жаңалықтар

Д.Исабековтың "Тыныштық күзетшісі" спектаклін сахналады
Басып шығару

Д.Исабековтың "Тыныштық күзетшісі" спектаклін сахналады

Ұлы Жеңіс күніне орай, "Мәдениет және өнер" факультетінің сахнасында "Өнер" кафедрасының жанынан құрылған "Өркен" студенттік театры драматург Д.Исабековтың "Тыныштық күзетшісі" спектаклін сахналады.

Спектакльге "Режиссура" мамандығының студенттері мен оқытушылары қатысып, жоғары деңгейде өтті. Спектакльдің жоғары деңгейде өтуіне басты себеп болған - Университетіміздің басшысы, ректор Қожамжарова Д.П.арнайы келіп тамашалауы мен жастарға деген ілтипаты болды деп санаймыз.

Спектакль сұрапыл соғыс жылдарындағы қазақтардың тылдағы ерен еңбектері мен ерліктері туралы қозғайды. Отанымыздың бейбіт күні жолында соғысқан әрбір батырды ұмытпау, оларға деген жастардың құрметін көрсету - спектакльдегі негізгі режиссерлық бағыт болды.

Сондай-а қойылымға Шымкент қаласының театрларынан арнайы қонақтар келіп тамашалады.

Twitter
Twitter
Facebook


Whatsapp
share with Whatsapp
Telegram
share with Telegram
powered by social2s