Жаңалықтар

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Шулунова Любовь Ивановнаның 80-жас мерейтойына  арналған  «Ғалым. Ұстаз. Тұлға»  атты  іс-шара өткізілді
Басып шығару

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Шулунова Любовь Ивановнаның 80-жас мерейтойына арналған «Ғалым. Ұстаз. Тұлға» атты іс-шара өткізілді

«Жетіасар» галереясында «Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының ардагер-ұстазы педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Шулунова Любовь Ивановнаның 80-жас мерейтойына арналған «Ғалым. Ұстаз. Тұлға» атты іс-шара өткізілді.
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің Басқарма төрағасы ректор Қожамжарова Дария Пернешқызы мерей той иесін құттықтап «Халық құрметі» медалін табыстады.
Атап айтсақ ардагер-ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Шулунова Любовь Ивановна 1967 жылдан бері бар ғұмырын ұстаздық ету жолына арнап келеді. Л.И.Шулунова білім ордасында талай жастың қанатын қатайтып, алысқа самғай ұшқыза білген ұстаз, сондай-ақ білім беруден ешқашан жалыққан емес. Бүгінде еңбек демалысында болғанына қарамастан талай жастың көңіліне білім шырағын жағып жүр.

Twitter
Twitter
Facebook


Whatsapp
share with Whatsapp
Telegram
share with Telegram
powered by social2s