Жаңалықтар

Кенжеғали МЫРЖЫҚБАЙДЫҢ «Абай және Мұхтар» атты дәріс концерті өтті
Басып шығару

Кенжеғали МЫРЖЫҚБАЙДЫҢ «Абай және Мұхтар» атты дәріс концерті өтті

Бүгін 2022 жылдың 20-шы қыркүйек күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған ҚР еңбек сіңірген артисі, өнертану профессоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Кәусар» мәдени - танымдық бірлестігінің жетекшісі Кенжеғали МЫРЖЫҚБАЙДЫҢ «Абай және Мұхтар» атты дәріс концерті өтті.
Кенжеғали Тұрсынбекұлы орындаған Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ» әндері, М.Әуезов либереттосы, Абай операсынан сонымен қатар «Қазағым қайран жұртым», «Қан сонарда», «Есімде бар жас күнің», «Не пой, красавица, при мне..», «В крови горит огонь желания», «Подъезжая под Ижоры...», «Я вас люблю» және т.б. орындаған романстарын университет профессор-оқытушылары, студенттер зор ықыласпен қабылдады.
Концертті Республикалық конкурстың лауреаты Любовь ГЛИНКА сүйемелдеді.
Кеш соңында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Д.П.Қожамжарова ғылыми кеңестің шешімімен университеттің «Құрметті профессоры» дипломын табыстады.
21 қыркүйек 2022 жылы сағат 10.30 да университетіміздің Мәдениет және өнер факультеті жайғасқан 8 ғимараты Акт залында студенттермен ШЕБЕР СЫНЫП жалғасын табатын болады.
+Image
+Image
+Image
+Image

Twitter
Twitter
Facebook


Whatsapp
share with Whatsapp
Telegram
share with Telegram
powered by social2s