10 қыркүйек күні Мұхтар Әуезов атындағы оқу әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Бесбаев Ғани Әбзелбекұлы, «Механика, машина жасау және мұнайгаз ісі» факультетінің деканы Байысбай Өмірбек Пернебайұлы сондай-ақ факультет декандары, колледж директоры және Шымкент қаласы ПД Тұран АПБ-нің жауапты учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Ұшан Нұрдәулет Маратұлының қатысуымен №4 университет жатақханасында студенттермен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жатақханада тұратын студенттерге ішкі тәртіп ережелері, заң талаптары және «Заң мен тәртіп» қағидаттары түсіндірілді.
Сонымен қатар студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жатақханадағы белгіленген ішкі тәртіп талаптарын орындау және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастар арасында заң мен тәртіп қағидаттарын қалыптастыру.