Басып шығару

«Жеңіске бірге қадам басамыз!» — Шымкент марафонында

Шымкент қаласында салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған марафон өтті. Спорттық шараға университетіміздің оқытушылары мен студенттері белсенді қатысып, салауатты өмір салтын қолдайтындықтарын көрсетті.
Марафонға университет ректоры бастаған үлкен ұжыммен бірге Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі факультетінің оқытушылары мен студенттері де қатысты.
Ауқымды спорттық шара барысында факультет ұжымы жоғары белсенділік танытып, белгіленген қашықтықты бірге еңсерді. Қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, командалық рух пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Марафон тек спорттық жарыс емес, университет қауымдастығын біріктірген маңызды әлеуметтік бастама болды. Бірге жүгіру арқылы оқытушылар мен студенттер арасында өзара қолдау, достық қарым-қатынас және ынтымақтастық нығая түсті.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру – жастардың денсаулығы мен болашағына жасалған маңызды қадам. Мұндай спорттық іс-шаралар студенттерді дене белсенділігіне баулып қана қоймай, оларды белсенді, жігерлі және жауапты болуға ынталандырады.
Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі факультетінің ұжымы алдағы уақытта да салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және университеттік бастамаларға белсенді атсалыса береді.
Спортта – сергектік, қозғалыста – қуат, бірлікте – жеңіс!

powered by social2s