Басып шығару

Шетелден шақырылған ғалымның дәріс сабағына шақырымыз

Құрметті әріптестер, білім алушылар және жас ғалымдар!

2026 жылғы 21 мамыр күні сағат 15:00-де «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының 222 Б аудиториясында шетелдік шақырылған ғалымның дәрісі өтеді.

Дәріс тақырыбы:
«Химиялық технологиядағы заманауи трендтер және ERASMUS+ KA171 академиялық ұтқырлық бағдарламасының мүмкіндіктері»

Дәріскер — техника ғылымдарының докторы, профессор Станислав Болдырев.

Дәріс барысында химиялық технологияның дамуындағы заманауи үрдістер, ғылыми зерттеулердің перспективалы бағыттары, сондай-ақ студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және оқытушылардың ERASMUS+ KA171 халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері қарастырылады.

Іс-шара халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, ғылыми тәжірибе алмасуға және академиялық байланыстарды кеңейтуге бағытталған.

Барлық оқытушылар, білім алушылар, жас ғалымдар және қызығушылық танытқан тұлғалар шақырылады.


powered by social2s