«Жас маман – 2026» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
Басып шығару

«Жас маман – 2026» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

2026 жылдың 22 мамырында өткен «Жас маман – 2026» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне «Механика, машинажасау және мұнай – газ ісі» факультетінің студенттері мен түлектері белсенді қатысты. Іс-шара барысында жұмыс берушілер өз кәсіпорындарының қызметі, бос жұмыс орындары және жас мамандарға қойылатын талаптар туралы ақпарат берді. Жәрмеңкеге қатысқан «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК ШТФ, «Интертехсервис-ИТС» ЖШС, "АйМар Құс" ЖШС,   «Нефтехимстрой-ЮГ» ЖШС, «Jasyl SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС, «НУПЦ Мұнай газ проект» ЖШС және «Шымкент Май» ЖШС өкілдері студенттермен кездесіп, өндірістік тәжірибе мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін таныстырды. Іс-шара жас мамандар мен жұмыс берушілер арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға ықпал етті.


powered by social2s